https://sputnik.kz/20230113/vashington-europanyn-zhana-qozhayynyn-tandady-31143659.html
Вашингтон Еуропаның "жаңа қожайынын" таңдады
Вашингтон Еуропаның "жаңа қожайынын" таңдады
Sputnik Қазақстан
Польша Киевке танк жөнелтуге уәде етті және өзі де белсенді қаруланып жатыр. Сарапшылар Варшаваны Украинадағы қақтығысты қолдайтындардың бірі деп атады, деп... 13.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-13T19:14+0500
2023-01-13T19:14+0500
2023-01-16T11:14+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31144388_0:99:2750:1646_1920x0_80_0_0_4d68a3a078b191e3d408f4e671f6ed18.jpg
Польша Киевке танк жөнелтуге уәде етті және өзі де белсенді қаруланып жатыр. Сарапшылар Варшаваны Украинадағы қақтығысты қолдайтындардың бірі деп атады, деп жазды РИА Новости.Варшава Киевке социалистік дәуірден қалған 240 дана Т-72, PT-91 Twardy танктерін, кеңестік БМ-21 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерін, Krab өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларын жіберді. Бұл техниканың құны үш миллиард еуронығ яғни, Польша ЖІӨ-нің 0,5 процентін құрады. Ал Эстония мен Латвия ЖІӨ-нің 1,1 және 0,93 процентін осы мақсатқа жұмсады.Варшава жұмсаған ақшаның жартысынан көбі әскери жеткізілімге тиесілі – 1,8 миллиард еуро. Дегенмен, Польшаға одақтастары, бірінші кезекте АҚШ көмектесіп жатыр. Мысалы, өткен аптада Ұлттық қорғаныс министрлігі 116 дана Abrams танкін сатып алғаны туралы хабарлады. Ал Украинаға "Леопардтардың" бір ғана ротасы – 10-12 машина беріледі."Бұл Варшаваға Берлинді ығыстырып, Еуропаны "ресейлік қауіптен" қорғаушы негізгі мемлекет болуға мүмкіндік береді. Шольцтың Германияның аймақтық қауіпсіздіктің кепілі ретінде әрекет етуге ниетті екені туралы мәлімдемесін жүзеге асыруға бундесвердің дайын еместігі кедергі келтіріп тұр", - деп жазылған материалда.Неміс әскери техникасының едәуір бөлігі белсенді пайдалануға жарамсыз екені белгілі болды. Мысалы, Puma жаяу әскерге арналған жауынгерлік машинасы мен PzH 2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысының көбі жарамсыз күйде. Әскери-әуе күштерінде де осындай проблема қалыптасып отыр: "Тигр" соққы жасаушы тікұшақтары, NH-90 көп мақсатты тікұшақтар және тіпті ескірген "Торнадо" бомбалаушы ұшақтары жеткіліксіз.Украинаға жеткізілімдер снаряд тапшылығын тудырды. Оның үстіне, Ресей қамтамасыз еткен энергия ресурстарының тапшылығы салдарынан әскери өнеркәсіп өндірісті қажетті деңгейге дейін үдете алмай отыр. Ал Польшада мұндай проблема туындаған жоқ."Варшаваны көп жылдан бері белсенді қолдап келеді. 1989 жылдан бері Польша Вашингтонмен ынтымақтастықты арттыруға бет бұрды. Бұған бұрынғы кеңестік республикалармен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл экономикалық трансформация ықпал етті",- деп жазды мақала авторы.Дегенмен, ол кезде НАТО туралы ешқандай сөз болған жоқ. Саясаткерлер Еуроодақтың қауіпсіздік жүйесіне етене жақын араласу ең жоғарғы шек екенін айтты. Алайда, 1999 жылы Польша Солтүстікатлантикалық блокқа кірді.Сол уақыттан бері Польша НАТО*-ның шығыс қапталына айналды. Елде альянстың бес базасы және он беске жуық америкалық база бар. Пентагон тағы екі база ашуды жоспарлап отыр.1990 жылдардың басында Польшада кеңестік техниканың үлкен паркі бар 400 мың армия болды. Оның ішінде 700-ге жуық Т-72, жүздеген броньдалған тасымалдаушы, ондаған Ми-2, Ми-8 және Ми-24 тікұшақы бар.Біртіндеп қарулы күштер 2013 жылға қарай 120 мың адамға дейін қысқартылды. Бұған негізінен әскери қызметтің келісімшарт түріне көшуі ықпал етті.Сонымен қатар, осы уақытта армия модернизацияланды. Кеңестік техниканың бір бөлігі қоймаларға жіберіліп, олар заманауи үлгілерге ауыстырылды. Қолданыста қалған Т-72 танктеріне екі жүзден астам кеңестік машинаның жергілікті модификациясы PT-91 Twardy машинасы қосылды. Біраз уақыттан кейін әртүрлі модификациядағы 250-ге жуық Leopard 2 және отызға жуық "Абрамс" қарулануға қабылданды.Өздігінен жүретін артиллерия паркі негізінен Польшада шығарылатын 155 миллиметрлі AHS Krab гаубицалары есебінен жаңартылды. Варшава америкалық ұшақтарды белсенді түрде сатып алды: 2020 жылға қарай флотта шамамен 50 дана F-16 ұшақ болды. Сол кезде олар 32 дана жаңа F-35 ұшағын сатып алуға келісті. Өткен жылы Польша билігі жаңа жеткізуші ретінде Оңтүстік Кореямен үлкен көлемдегі жабдық жеткізу туралы келісімге қол қойды.Наурызда президент Анджей Дуда "Отанды қорғау туралы" заңға қол қойды. Оған сәйкес 2023 жылдан бастап әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің кем дегенде үш процентін құрауы тиіс. Сондай-ақ, әскер саны екі есе ұлғайып, 300 мың адамға дейін жетеді. Олардың 250-і кәсіпқой әскери қызметкер болса, тағы 50 мың сарбаз аймақтық қорғаныс жауынгерлері болады.Резервтегі әскерилер саны да артады. Бұл шара поляктар арасында біраз қызу талқыланды. Көктемде билік 200 мыңға жуық азаматты әскерге шақырмақшы."Мұндай милитаризация Польшаға өзінің қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, бұрын Германияға тиесілі болған "Еуропа қалқаны" рөліне таласуға мүмкіндік береді. Егер Варшава осы жоспарын жүзеге асырса, онда құрлықтағы күштердің арақатынасын түбегейлі өзгертетін саяси салдары көп күттірмейді", - деп жазды мақала авторы.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31144388_313:0:2750:1828_1920x0_80_0_0_af315ddd5e4091a449afbcc592b757fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Польша Киевке танк жөнелтуге уәде етті және өзі де белсенді қаруланып жатыр. Сарапшылар Варшаваны Украинадағы қақтығысты қолдайтындардың бірі деп атады, деп жазды
РИА Новости.Варшава Киевке социалистік дәуірден қалған 240 дана Т-72, PT-91 Twardy танктерін, кеңестік БМ-21 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерін, Krab өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларын жіберді. Бұл техниканың құны үш миллиард еуронығ яғни, Польша ЖІӨ-нің 0,5 процентін құрады. Ал Эстония мен Латвия ЖІӨ-нің 1,1 және 0,93 процентін осы мақсатқа жұмсады.
Варшава жұмсаған ақшаның жартысынан көбі әскери жеткізілімге тиесілі – 1,8 миллиард еуро. Дегенмен, Польшаға одақтастары, бірінші кезекте АҚШ көмектесіп жатыр. Мысалы, өткен аптада Ұлттық қорғаныс министрлігі 116 дана Abrams танкін сатып алғаны туралы хабарлады. Ал Украинаға "Леопардтардың" бір ғана ротасы – 10-12 машина беріледі.
"Бұл Варшаваға Берлинді ығыстырып, Еуропаны "ресейлік қауіптен" қорғаушы негізгі мемлекет болуға мүмкіндік береді. Шольцтың Германияның аймақтық қауіпсіздіктің кепілі ретінде әрекет етуге ниетті екені туралы мәлімдемесін жүзеге асыруға бундесвердің дайын еместігі кедергі келтіріп тұр", - деп жазылған материалда.
Неміс әскери техникасының едәуір бөлігі белсенді пайдалануға жарамсыз екені белгілі болды. Мысалы, Puma жаяу әскерге арналған жауынгерлік машинасы мен PzH 2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысының көбі жарамсыз күйде. Әскери-әуе күштерінде де осындай проблема қалыптасып отыр: "Тигр" соққы жасаушы тікұшақтары, NH-90 көп мақсатты тікұшақтар және тіпті ескірген "Торнадо" бомбалаушы ұшақтары жеткіліксіз.
Украинаға жеткізілімдер снаряд тапшылығын тудырды. Оның үстіне, Ресей қамтамасыз еткен энергия ресурстарының тапшылығы салдарынан әскери өнеркәсіп өндірісті қажетті деңгейге дейін үдете алмай отыр. Ал Польшада мұндай проблема туындаған жоқ.
"Варшаваны көп жылдан бері белсенді қолдап келеді. 1989 жылдан бері Польша Вашингтонмен ынтымақтастықты арттыруға бет бұрды. Бұған бұрынғы кеңестік республикалармен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл экономикалық трансформация ықпал етті",- деп жазды мақала авторы.
Дегенмен, ол кезде НАТО туралы ешқандай сөз болған жоқ. Саясаткерлер Еуроодақтың қауіпсіздік жүйесіне етене жақын араласу ең жоғарғы шек екенін айтты. Алайда, 1999 жылы Польша Солтүстікатлантикалық блокқа кірді.
Сол уақыттан бері Польша НАТО*-ның шығыс қапталына айналды. Елде альянстың бес базасы және он беске жуық америкалық база бар. Пентагон тағы екі база ашуды жоспарлап отыр.
1990 жылдардың басында Польшада кеңестік техниканың үлкен паркі бар 400 мың армия болды. Оның ішінде 700-ге жуық Т-72, жүздеген броньдалған тасымалдаушы, ондаған Ми-2, Ми-8 және Ми-24 тікұшақы бар.
Біртіндеп қарулы күштер 2013 жылға қарай 120 мың адамға дейін қысқартылды. Бұған негізінен әскери қызметтің келісімшарт түріне көшуі ықпал етті.
Сонымен қатар, осы уақытта армия модернизацияланды. Кеңестік техниканың бір бөлігі қоймаларға жіберіліп, олар заманауи үлгілерге ауыстырылды. Қолданыста қалған Т-72 танктеріне екі жүзден астам кеңестік машинаның жергілікті модификациясы PT-91 Twardy машинасы қосылды. Біраз уақыттан кейін әртүрлі модификациядағы 250-ге жуық Leopard 2 және отызға жуық "Абрамс" қарулануға қабылданды.
Өздігінен жүретін артиллерия паркі негізінен Польшада шығарылатын 155 миллиметрлі AHS Krab гаубицалары есебінен жаңартылды. Варшава америкалық ұшақтарды белсенді түрде сатып алды: 2020 жылға қарай флотта шамамен 50 дана F-16 ұшақ болды. Сол кезде олар 32 дана жаңа F-35 ұшағын сатып алуға келісті. Өткен жылы Польша билігі жаңа жеткізуші ретінде Оңтүстік Кореямен үлкен көлемдегі жабдық жеткізу туралы келісімге қол қойды.
Наурызда президент Анджей Дуда "Отанды қорғау туралы" заңға қол қойды. Оған сәйкес 2023 жылдан бастап әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің кем дегенде үш процентін құрауы тиіс. Сондай-ақ, әскер саны екі есе ұлғайып, 300 мың адамға дейін жетеді. Олардың 250-і кәсіпқой әскери қызметкер болса, тағы 50 мың сарбаз аймақтық қорғаныс жауынгерлері болады.
Резервтегі әскерилер саны да артады. Бұл шара поляктар арасында біраз қызу талқыланды. Көктемде билік 200 мыңға жуық азаматты әскерге шақырмақшы.
"Мұндай милитаризация Польшаға өзінің қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, бұрын Германияға тиесілі болған "Еуропа қалқаны" рөліне таласуға мүмкіндік береді. Егер Варшава осы жоспарын жүзеге асырса, онда құрлықтағы күштердің арақатынасын түбегейлі өзгертетін саяси салдары көп күттірмейді", - деп жазды мақала авторы.