Қоғам

Тоқаев сенатор Андрей Лукиннің өкілеттігін тоқтатты

© Photo : Пресс-служба сената парламента Казахстана Сенатор Андрей Лукин
Сенатор Андрей Лукин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Андрей Лукин енді сенат депутаты емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның өкілеттігін тоқтатты.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Андрей Иванович Лукиннің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Ақорда жариялаған жарлық мәтінінде.
Андрей Лукин 2019 жылғы тамыздан бері сенат депутаты қызметін атқарды. Ол парламенттің жоғарғы палатасында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болды.
Оның алдында бас прокурордың орынбасары, Астана әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Жаңалықтар
0