Илья Ильин үйленді

© SputnikИлья Ильин мен Татьяна Гордиенко
Илья Ильин мен Татьяна Гордиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин астанада некесін қидырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Спортшының әйелі Татьяна Гордиенко әлеуметтік желіде неке қию рәсімінде түсірілген фото-видеоны бөлісті.
"Махаббатқа, шексіз бақыт мен ең жақсы еркекке "иә" дедім", - деп жазды Гордиенко.
Неке қию рәсімі 12 қаңтарда Астана қаласында өтті. Гордиенконың парақшасында барлығы Илья мен Татьянаны құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Айта кетері, Илья Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасты. Олардың бір қызы бар.
Sputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2020
Қоғам
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Жаңалықтар
0