Қоғам

Төрт млн қазақстандыққа 4,4 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді – министр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. 2022 жылы республиканың әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Дүйсенова 2022 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелерін қорытындылады.
Министр былтыр мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындағанын атап өтті.
"Еңбек министрлігі 2022 жылы 4 миллионнан астам азаматқа 4,4 триллион теңге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындап, оны уақтылы төледі. Осылайша, еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді", – деді Дүйсенова.
Сондай-ақ 10 ұлттық жоба, президенттің 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да жобалары іске асырылды.
"Біріншіден, бұл 981 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, олардың 80%-ы жұмысқа орналасқанын міндетті зейнетақы жарналары аударымдарымен растады. Екіншіден, экономикада 427,4 мың жаңа жұмыс орнын құрылды, олардың 70%-дан астамын жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрайды. Олардың тіркелгені мен жұмыс істейтінін Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті растайды", – деді министр.
Сонымен қатар Дүйсенова Отбасының цифрлық картасын пилоттық режимде іске асыру қорытындысына тоқталды.
Цифрлық карта былтыр 1 қыркүйекте іске қосылған болатын.
"Осы кезеңде азаматтарға әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы 58 мың SMS-хабарлама жіберілді. Нәтижесінде ақпараттандырылған отбасылардың 22,8%-ы проактивті форматта қызмет алды, ал 36,8%-ы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінді", - деді ведомство басшысы.
Жаңалықтар
0