https://sputnik.kz/20230112/togzhanov-toqaevqa-esep-berdi-31069039.html
Тоғжанов Тоқаевқа есеп берді
Тоғжанов Тоқаевқа есеп берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T18:49+0500
2023-01-12T18:49+0500
2023-01-12T18:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
ералы тоғжанов
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_0f8fe215a032cf5a47e664d87638fb82.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысына өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріліп, осы жылға арналған жоспары таныстырылды.Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай қалыптасқан. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және тұрғын үй құрылысы салаларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген. Ол президентке инвестиция тарту жөніндегі шаралар туралы баяндады. "Өткізілген инвестициялық форумдардың нәтижесінде тек соңғы үш айда жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 12 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары жандана түсті", - деді Тоғжанов.Облыс әкімі өңірдегі 315 елді мекенді кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Аймақта "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны қаржыландыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген."Білім All" жобасы аясында 10 мыңға жуық бала оқитын 120 шағын жинақты ауыл мектебінің білім сапасын арттыру шаралары қабылданып жатыр", - деді әкім.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір инфрақұрылымын дамыту және облыс тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_626:0:2874:1686_1920x0_80_0_0_ec71b9a71d8cc97d3ae6d1bd8dae96b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ералы тоғжанов
қасым-жомарт тоқаев, ералы тоғжанов
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Президент Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беріліп, осы жылға арналған жоспары таныстырылды.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай қалыптасқан. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және тұрғын үй құрылысы салаларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген. Ол президентке инвестиция тарту жөніндегі шаралар туралы баяндады.
"Өткізілген инвестициялық форумдардың нәтижесінде тек соңғы үш айда жалпы құны 3 триллион теңгеден асатын 12 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары жандана түсті", - деді Тоғжанов.
Облыс әкімі өңірдегі 315 елді мекенді кешенді түрде дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Аймақта "Ауыл аманаты" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны қаржыландыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, биыл қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінген.
"Білім All" жобасы аясында 10 мыңға жуық бала оқитын 120 шағын жинақты ауыл мектебінің білім сапасын арттыру шаралары қабылданып жатыр", - деді әкім.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір инфрақұрылымын дамыту және облыс тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.