https://sputnik.kz/20230112/tergeushiler-arnayy-operatsiya-aymagynda-zhogalgan-130-dan-astam-adamdy-tapty-31103928.html
Тергеушілер арнайы операция аймағында жоғалған 130-дан астам адамды тапты
Тергеушілер арнайы операция аймағында жоғалған 130-дан астам адамды тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Тергеу комитеті арнайы операция жүргізілген аймақта туыстарымен байланыс үзілген 130-дан астам әскериді табуға көмектесті, деп... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T16:47+0500
2023-01-12T16:47+0500
2023-01-16T11:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/old/1275/33/12753382_0:21:2639:1505_1920x0_80_0_0_d56db98998ed6b6d6fad3120ff259fa6.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Тергеу комитеті арнайы операция жүргізілген аймақта туыстарымен байланыс үзілген 130-дан астам әскериді табуға көмектесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Донецкте Украина Қарулы күштерінің қылмыстарын тергеу жөніндегі штабтың жедел отырысын өткізді."Арнайы әскери операцияның тапсырмаларын орындаған әскери қызметшілерді іздестіру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда барлығы 133 әскери қызметшінің қайда екені анықталды", - деп атап өтті тергеу комитетіндегілер.Бастрыкинге туыстары тергеу комитетіне арызданған бейбіт тұрғындарды іздестіру жұмыстары туралы да есеп берді. Мамандар осындай 85 адамды анықтады.Сонымен қатар ведомство басшысына Мариуполь мен Донбастың басқа да аумағында мәйіттері табылған қаза тапқан бейбіт тұрғындардың ДНҚ деректер базасын құру туралы ақпарат берілді. Бұл марқұмдарды анықтауға және олардың өлімінің мән-жайын анықтауға көмектеседі.Желтоқсанның соңында Тергеу комитеті Мариупольде украин әскерлері қаладан кеткеннен кейін үш мыңнан астам бейбіт тұрғын өлі табылғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, гуманитарлық дәліздердің жұмысы кезінде Украина Ұлттық гвардиясының жауынгерлері азаматтарды эвакуациялауға әдейі кедергі жасаған.Украина әскерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный мен басқа да әскери басшыларға қатысты қаладағы әскери қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1275/33/12753382_302:0:2337:1526_1920x0_80_0_0_136a233cdf793bc62ef262993b011a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Тергеушілер арнайы операция аймағында жоғалған 130-дан астам адамды тапты
16:47 12.01.2023 (жаңартылды: 11:55 16.01.2023) АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Тергеу комитеті арнайы операция жүргізілген аймақта туыстарымен байланыс үзілген 130-дан астам әскериді табуға көмектесті, деп хабарлады ведомствоның
баспасөз қызметі. Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Донецкте Украина Қарулы күштерінің қылмыстарын тергеу жөніндегі штабтың жедел отырысын өткізді.
"Арнайы әскери операцияның тапсырмаларын орындаған әскери қызметшілерді іздестіру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда барлығы 133 әскери қызметшінің қайда екені анықталды", - деп атап өтті тергеу комитетіндегілер.
Бастрыкинге туыстары тергеу комитетіне арызданған бейбіт тұрғындарды іздестіру жұмыстары туралы да есеп берді. Мамандар осындай 85 адамды анықтады.
Сонымен қатар ведомство басшысына Мариуполь мен Донбастың басқа да аумағында мәйіттері табылған қаза тапқан бейбіт тұрғындардың ДНҚ деректер базасын құру туралы ақпарат берілді. Бұл марқұмдарды анықтауға және олардың өлімінің мән-жайын анықтауға көмектеседі.
Желтоқсанның соңында Тергеу комитеті Мариупольде украин әскерлері қаладан кеткеннен кейін үш мыңнан астам бейбіт тұрғын өлі табылғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, гуманитарлық дәліздердің жұмысы кезінде Украина Ұлттық гвардиясының жауынгерлері азаматтарды эвакуациялауға әдейі кедергі жасаған.
Украина әскерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный мен басқа да әскери басшыларға қатысты қаладағы әскери қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.