https://sputnik.kz/20230112/smayylov-biznes-qylmystyq-ister-zhayly-kodeks-31046515.html
Смайылов бизнеске қатысты қылмыстық істер жайлы: кодексті қайта қарау қажет
Смайылов бизнеске қатысты қылмыстық істер жайлы: кодексті қайта қарау қажет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында үкіметтің... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T08:55+0500
2023-01-12T08:55+0500
2023-01-12T08:55+0500
экономика
бизнес
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_345101924c9537d3d7d8ff210f5c33ae.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.Смайылов республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажеттігін атап өтті."Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу қажет", — деді Әлихан Смайылов.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болған. Бұл – жоспардың 94%-ы.Министр қазіргі уақытта инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатқанын атап өтті. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.Премьер-министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.Сонымен қатар отырыста Инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16012476_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_3a3a7741c08657a43ca67156af6803c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.
Смайылов республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл ретте үкімет басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, яғни құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысымды төмендету жөніндегі шараларға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
"Бизнеске қатысты қылмыстық істерді қозғауға түрткі болатын негізсіз себептерді алып тастау үшін Қылмыстық іс жүргізу кодексін қайта қарау қажет. Әділет министрлігіне тиісті тапсырма берілді, бұл жұмысты күшейтіп, аталған мәселені жан-жақты қарастыру керек. Кәсіпкерлер тап болып отырған шынайы проблемаларға тереңірек үңіліп, жылдам әрі нақты нәтиже беретін тиімді шараларды әзірлеу қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 15 трлн теңге болған. Бұл – жоспардың 94%-ы.
Министр қазіргі уақытта инвестициялық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатқанын атап өтті. Бұл ретте республиканың шикізаттық емес секторына салынған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді.
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік преференциялар алу үшін органдардың өтінімдерін келісу мерзімін қысқарту және мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін инвестициялардың шекті көлемін азайту ұсынылды.
Премьер-министр бұл тәсілдерді қолдап, артықшылықтар берілетін қызметтердің басым бағыттарының тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде барлық өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырыста Инвестициялар туралы келісім бекіту тетігін жетілдіру, өңірлердің инвестициялық рейтингін енгізу және қолданыстағы заңдар мен кодекстерде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік беретін инвесторлар үшін арнайы НҚА әзірлеу мәселелері талқыланды.