Сенат сайлауы: кандидаттардың тізімі жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау, дауыс беру
Сайлау, дауыс беру - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Сенат сайлауына барлық облыс пен республикалық маңызы бар қаладан 55 кандидат түседі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сенат сайлауы алдағы сенбі, 14 қаңтарда өтеді. Сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, бюллетеньдерге 55 кандидат енгізілді. Ал 11 адам өз кандидатурасын алып тастауға өтініш жазды.
"Алматы қаласынан 4 кандидат, 6 өңірде - Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан, қалған өңірлерде және Астана, Шымкент қалаларында - 3 кандидаттан", - деді Әбдіров комиссияның кезекті отырысында.

Кандидаттар

Абай облысы:
Кималидин Әпенов, 1967 жылғы, "Востокцветмет" ЖШС, Орлов өндірістік кешені әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығы, өзін-өзі ұсыну;
Анжела Маслова, 1975, "Эйкос" ЖШС-ның даму бойынша директоры, өзін-өзі ұсыну;
Қайрат Тастекеев, 1967, Семей құрылыс колледжінің директоры, өзін-өзі ұсыну
Ақмола облысы:
Айгүл Сәбитова, 1964, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастығы, өзін-өзі ұсыну;
Айнагүл Балташева, 1972, Ақмола облыстық білім беру басқармасы жанындағы "Bolashaq saraiy" МКМ басшысы, өзін-өзі ұсыну;
Талғат Жүнісов, 1963, Ақмола облыстық мәслихат хатшысы, өзін-өзі ұсыну және Көкшетау қалалық, Ақмола облыстық мәслихаттарының сессияларында ұсынылды
Ақтөбе облысы:
Дана Бекбауова, 1977, Ақтөбе облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, өзін-өзі ұсыну;
Рахым Бекназаров, 1967, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, өзін-өзі ұсыну;
Амангелді Нугманов, 1967, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Хромтау және Мәртүк аудандары мәслихаттарының сессияларында ұсынылды
Алматы облысы:
Жанболат Жөргенбаев, 1960, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, өзін-өзі ұсыну;
Нұрлан Ертас, 1960, Жамбыл ауданының әкімі, өзін-өзі ұсыну
Атырау облысы:
Ғильман Сәрсемалиев, 1968, "Орал - Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК директоры, өзін-өзі ұсыну;
Бағыт Шеркешбаева, 1964, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры, өзін-өзі ұсыну;
Әлібек Нәутиев, 1963, Атырау облыстық мәслихаттың хатшысы, өзін-өзі ұсыну
Шығыс Қазақстан облысы:
Александр Светаш, 1978, "Өскемен мәслихатының аппараты" ММ-ның хатшысы, өзін-өзі ұсыну;
Шәкәрім Бұқтұғұтов, 1961, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсыну және Шемонаиха, Катонқарағай, Күршім аудандық мәслихаттары, Алтай, Самар аудандарының мәслихаттары, Риддер қалалық мәслихаты ұсынды;
Ержан Әшімов, 1971, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" АҚ-сының бас директоры, өзін-өзі ұсыну;
Жамбыл облысы:
Сұлтан Өсербаев, 1986, Жамбыл облысындағы Байзақ ауданындағы Тірек мектебінің (ресурстық орталығы) директоры, өзін-өзі ұсыну;
Сәкен Арубаев, 1976, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі, өзін-өзі ұсыну
Жетісу облысы:
Ғабит Тұрсынбай, 1965, "Жетісу облысы әкімінің аппараты" ММ, әдеп жөніндегі уәкіл, өзін-өзі ұсыну;
Амангелді Толамисов, 1977, Сенат депутаты, өзін-өзі ұсыну
Батыс Қазақстан облысы:
Айболат Кұрымбаев, 1980, Батыс Қазақстан туристік қауымдастығының директоры, өзін-өзі ұсыну;
Ақылбек Сұлтанов, 1964, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры, өзін-өзі ұсыну;
Арман Өтеғұлов, 1964, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, өзін-өзі ұсыну
Қарағанды облысы:
Мұрат Әбілов, 1959, Қарағанды облыстық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары, өзін-өзі ұсыну;
Татьяна Шатохина, 1970, "Қарағанды облысының Кәсіопдақ Орталығы" бірлестігі төрағасының орынбасары, өзін-өзі ұсыну;
Серік Өтешов, 1963, Карағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Нұра және Осакаровка мәслихаттары сессиясымен ұсынылды
Қостанай облысы:
Самат Шүменбаев, 1971, 2 емхана бас дәрігердің міндетін атқарушы, өзін-өзі ұсыну;
Жанар Қойшинова, 1978, "AMANAT" партиясы Қостанай облыстық филиалы атқарушы хатшының орынбасары, өзін-өзі ұсыну;
Ғауез Нұрмұхамбетов, 1968, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары, өзін-өзі ұсыну және Қамысты, Федеров мәслихаттары сессиясымен ұсынылды
Қызылорда облысы:
Руслан Рустемов, 1968, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы, өзін-өзі ұсыну;
Жорабек Нұрымбетов, 1957, Қызылорда облысы "Қазсушар" РМК филиалының басшысы, өзін-өзі ұсыну;
Асылбек Шаменов, 1978, Қызылорда қаласының әкімі, өзін-өзі ұсыну
Маңғыстау облысы:
Ирина Беляева, 1973, "Идальго Ақтау" ЖШС бас директоры, өзін-өзі ұсыну;
Ғаббас Досатов, 1967, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы, өзін-өзі ұсыну;
Бекбол Орынбасаров, 1971, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қалалық, Жаңаөзен қалалық және Түпқараған аудандық мәслихаттары сессияларында ұсынылды
Павлодар облысы:
Динара Айтжанова, 1979, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, өзін-өзі ұсыну;
Ернұр Айткенов, 1965, Павлодар облыстық мәслихаттың хатшысы, өзін-өзі ұсыну және Аққулы, Тереңкөл, Май аудандық мәслихат сессияларында ұсынылды
Солтүстік Қазақстан облысы:
Лаура Қайыржанова, 1969, "ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК СҚО бойынша филиалының директоры, өзін-өзі ұсыну;
Гүлмира Кәрімова, 1977, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті төрағасы, өзін-өзі ұсыну
Түркістан облысы:
Мирамбек Ақмұратов, 1976, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы, өзін-өзі ұсыну;
Мұрат Қадырбек, 1980, Жетісу ауданының әкімі, өзін-өзі ұсыну
Ұлытау облысы:
Ахат Құрмансейітов, 1964, Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы, өзін-өзі ұсыну;
Ержан Тоқимбаев, 1968, "Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну;
Советбек Медебаев, 1965, Сенат депутаты, өзін-өзі ұсыну
Астана қаласы:
Наримаш Мұхамбеталина, 1961, Бейбітшілік және келісім сарайының басқарушысы, өзін-өзі ұсыну;
Бағдат Азбаев, 1974, "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасы, өзін-өзі ұсыну;
Бибігүл Жексенбай, Парламент сенаты төрағасының кеңесшісі, өзін-өзі ұсыну
Алматы қаласы:
Жарқын Жаниязова, 1967, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің директоры, өзін-өзі ұсыну;
Кристина Бекмурзаева, 1991, "Youthart" қоғамдық қорының директоры, өзін-өзі ұсыну;
Гүлнәр Кокобаева, 1974, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, өзін-өзі ұсыну;
Жанна Асанова, 1975, "Алматы даму орталығы" АҚ, басқарма төрағасының кеңесшісі, өзін-өзі ұсыну
Шымкент қаласы:
Бауыржан Әлтеев, 1955, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы, өзін-өзі ұсыну;
Альбина Елчиева, 1977, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, өзін-өзі ұсыну;
Нұрлан Бекназаров, 1964, Сенат депутаты, өзін-өзі ұсыну.
Айта кетері, сенат депутаттарын мәслихаттар сайлайды. Республика бойынша дауыс беретіндердің тізімінде 3168 мәслихат депутаты бар.
Жаңалықтар
0