https://sputnik.kz/20230112/qyzylordada-zhanzhal-atyspen-ayaqtaldy-31047895.html
Қызылордада жанжал атыспен аяқталды
Қызылордада жанжал атыспен аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жанжал кезінде оқ атып, қарсыласын жаралаған облыс орталығының тұрғынына... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T09:40+0500
2023-01-12T09:40+0500
2023-01-12T09:49+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/174/73/1747389_0:35:3055:1753_1920x0_80_0_0_3d02e7631d8673e3c8da4b03441acc0b.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жанжал кезінде оқ атып, қарсыласын жаралаған облыс орталығының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.Оқиға 10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде болған, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми Telegram каналы."Қызылорданың екі тұрғыны жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады өңірдегі полиция департаменті.Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды.Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы – "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/174/73/1747389_100:0:2741:1981_1920x0_80_0_0_3198c7e53bfb6a2a9af1eb3a3d21c7dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
Қызылордада жанжал атыспен аяқталды
09:40 12.01.2023 (жаңартылды: 09:49 12.01.2023) АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жанжал кезінде оқ атып, қарсыласын жаралаған облыс орталығының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Оқиға 10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде болған, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми
Telegram каналы.
"Қызылорданың екі тұрғыны жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады өңірдегі полиция департаменті.
Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы – "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.