Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. "Құрметті сенатор" атағы сенат регламентінен алынып тасталды. Бұл туралы жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында парламенттің жаңа регламенті бекітілген болатын. Оған сәйкес, мәжіліс пен сенаттың функциялары өзгерді. Оған қоса, "Құрметті сенатор" атағы да алынып тасталды.
"Біз оны регламенттен алып тастадық. Қазір бізде "Құрметті сенатор" деген институт жоқ. Маусым айында өткен референдумда халқымыз қолдап, Конституциядан тұңғыш президент – Елбасыға қатысты нормалар алынып тасталды. Біз референдумды және Елбасыға қатысты заңның күші жойылып жатқанын ескеріп, "Құрметті сенатор" дәрежесін алып тастағанбыз", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Спикердің айтуынша, бұл дәреже бір адамға ғана берілді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Бірақ "Құрметті сенатор" атағы заңмен бекітілмеген, тек сенаттың регламентіне ғана енгізілді.
"Ары қарай бұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені бізде қазір ондай құқықтық негіз жоқ, алып тастадық", - деп атап өтті Әшімбаев.
Осы орайда тілшілер: "Сонда Назарбаев бұл атақтан айырылды ма?",- деп сұрады. Спикер ондай атақ жоқ екенін мәлімдеді.
"Алып тастадық қой ол атақты, сондықтан ондай атақ қазір жоқ, ондай атақ болмайды. Түсінікті ғой барлығы", - деді палата төрағасы.
Жаңалықтар
0