Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО мен Еуроодақ ынтымақтастық декларациясына қол қойды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь НАТО Йенс Столтенберг
Генеральный секретарь НАТО Йенс Столтенберг - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
НовостиTelegram
Кеше НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға әскри көмекті күшейтудің маңыздылығы туралы мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Бұл мәлімдеме екі жағдайға байланысты маңызды болып отыр. Біріншіден, бұл мәлімдеме ресейлік әскер Соледарды азат ету кезінде жасалды. Оның үстіне, Столтенберг дәл қазіргі жағдайда батыстың Украинаны қолдауының аса жоғары мәнге ие екенін басып айтты. Екіншіден, Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы бұл пікірді Еуропа комиссиясымен бірлескен отырыс басталар алдында білдірді.
Бұл жиыннан бір күн бұрын НАТО мен ЕО басшылығы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Еуропа атынан Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель мен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен сәйкес құжатқа қол қойды. Құжатта Украинадағы жағдай ерекше нақтыланып көрсетілуіне байланысты АҚШ Еуропаны өз әскери жоспарына мейлінше жұмылдырып жатыр.
Соледар мен Артемовсктің (Киев қаланың ескі Бахмут атауын қолданады) әскери маңызы туралы сарапшылар мен ресми тұлғалардың пікірлері әртүрлі. Кейбіреулер Соледарды азат ету Украина Қарулы күштері ең маңызды қорғаныс шебі бұзылды деп санайды. Бұл Донецк халық республикасының аумағын азат ету бойынша жағдайды айтарлықтай өзгертеді.
"Кейбіреулер бұл оқиғаның маңыздылығын асыра бағалаудың қажеті жоқ және бұл жергілікті жеңіс деп санайды. Тағы біреулері бұл елді мекендердің ерекше маңызы жоқ деген пікірді алға тартуға тырысады. Мысалы Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Соледарға жасаған шабуылын "ақымақтық" деп атап, ол жерде барлығы қирағанын және шайқас жүргізуге тұрарлық ештеңе қалмағанын меңзеді", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, онда неге Украина Қарулы күштері Соледарда адам шығынын еселеп көбейтетіндей әрекетке барды деген сұрақ туындайды. Себебі бақылаушылардың барлығы украиндердің адам шығыны өте үлкен болғаны туралы бірауыздан келісті. Әскери мамандар да Украина Қарулы күштері әскерді қаладан шығарып, жаңа қорғаныс шептеріне орналастырғаны тиімді болатыны туралы ортақ пікір білдірді. Бірақ саяси мақсатты көздеген Киев мұндай пікірлерді құлаққа ілмеді.
Жалпы, соғыс – өте қымбат іс-қимыл. Соғыс жүргізу үшін қаржылық, адам, өнеркәсіптік, энергетикалық және тағы басқа ресурс қажет. Батыс ондаған жылдар бойы әскери науқандарда қарсыласынан бірнеше есе басым түсіп келді. Бұл факт оған өзінің үстемдігіне деген сенімін арттырды. Сондықтан Ресейге де мейлінше тікелей және дөрекі қысым көрсетіліп жатыр. Бірақ қарсылас тез жеңілмесе, ресурстардың мұндай шығыны ақталмаған әрекет болып саналады.
Қазір тура осы жағдай қайталанып жатыр. Бір жағынан Украинаға үздіксіз қаржылай әскери көмек көрсетіліп жатыр. Екінші жағынан Батыс иелігіндегі ресурс шексіз емес екені және қару-жарақ қоймасын толықтыру жылдам орындалатын іс емес екені туралы жиі айтылып жатыр.
Егер батыстағы ақпараттық алаңда бағалы ресурсты шығындауға қатысты өткір сыни пікір жиі айтылса, онда адам шығынына қатысты әлдеқайда ауқымды наразылық туындауы ықтимал.
Жаңалықтар
0