https://sputnik.kz/20230112/atyrau-munay-ondeu-zauyty-onim-shygaru-kolemin-arttyrudy-bastady-31045485.html
Атырау мұнай өңдеу зауыты өнім шығару көлемін арттыруды бастады
Атырау мұнай өңдеу зауыты өнім шығару көлемін арттыруды бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы мен оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысы толықтай қалпына... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T07:56+0500
2023-01-12T07:56+0500
2023-01-12T07:56+0500
мұнай өңдеу зауыты
атырау
https://sputnik.kz/img/400/58/4005881_0:103:1100:722_1920x0_80_0_0_40a88b71386fb86c6d9f31c2e777abfa.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы мен оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысы толықтай қалпына келтірілді.Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, қондырғы жұмыс режиміне шықты, мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыру процесі басталды.2023 жылдың 10 қаңтарында бұрын толтырылған 36 вагон цистернаны қоса есептегенде барлығы 1624 тонна сұйылтылған көмірсутек газы жөнелтілді:2023 жылдың 11 қаңтарындағы мәлімет бойынша "АМӨЗ" ЖШС-нің резервуарлық паркінде 38 200 тонадан аса әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері сақталған:Еске сала кетейік, аймақтардағы газжелілік мекемелердің сұйытылған көмірсутек газын автокөлікпен дер кезінде тасып шығармауы (тасып шығару жұмыстары энергетика министрлігі бөлген көлемге сәйкес жүргізілуі тиіс) себепті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-де газды сақтайтын бос орын қалмаған болатын. Салдарынан 10 қаңтарда АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты. Бұл мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтуға әкелді.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/400/58/4005881_0:0:1100:825_1920x0_80_0_0_3dbc93f482d3fccb6d43485d14956863.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай өңдеу зауыты, атырау
мұнай өңдеу зауыты, атырау
Атырау мұнай өңдеу зауыты өнім шығару көлемін арттыруды бастады
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы мен оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысы толықтай қалпына келтірілді.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, қондырғы жұмыс режиміне шықты, мұнай өнімдерін шығару көлемін арттыру процесі басталды.
2023 жылдың 10 қаңтарында бұрын толтырылған 36 вагон цистернаны қоса есептегенде барлығы 1624 тонна сұйылтылған көмірсутек газы жөнелтілді:
Қызылорда облысы – 584 т;
Атырау облысы – 238 т (авто);
Батыс Қазақстан облысы – 127 т (авто);
Маңғыстау облысы – 40 т (авто).
2023 жылдың 11 қаңтарындағы мәлімет бойынша "АМӨЗ" ЖШС-нің резервуарлық паркінде 38 200 тонадан аса әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері сақталған:
тауарлы автобензин АИ-92 – 17 000 тонна,
дизель отыны – 20 000 тоннадан астам.
Мұнай өнімдерін (автобензин мен дизель отынын) жанармай бекеттер желісіне тиеп жөнелту өндірістік жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, аймақтардағы газжелілік мекемелердің сұйытылған көмірсутек газын автокөлікпен дер кезінде тасып шығармауы (тасып шығару жұмыстары энергетика министрлігі бөлген көлемге сәйкес жүргізілуі тиіс) себепті "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-де газды сақтайтын бос орын қалмаған болатын. Салдарынан 10 қаңтарда АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты. Бұл мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтуға әкелді.