https://sputnik.kz/20230112/2024-zhyl-zhumys-berushiler-mindetti-zeynetaqy-zharnalary-31067459.html
2024 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі
2024 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі... 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T16:49+0500
2023-01-12T16:49+0500
2023-01-12T16:49+0500
қоғам
зейнетақы жинағы
жұмыс берушілер
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_ac59841c499629deb4233f39daeddd41.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады."Биыл қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табысының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ке дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл былтырғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді", - деді ол.Айтуынша, дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізіледі. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-іне дейін жеткізіледі.Бұдан бөлек, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында салымшыларға өз зейнетақы жинағының 50%-ін жеке басқаруға беру құқығы қарастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_386:0:2637:1688_1920x0_80_0_0_3951ade5714dcf06a32fd7889c2f7028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, жұмыс берушілер
зейнетақы жинағы, жұмыс берушілер
2024 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Келесі жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "2024 жылдан бастап жас салымшыларды зейнетақымен қамсыздандырудың шартты-жинақтаушы жүйесін қалыптастыру үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі", - деді Дүйсенова еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жүйеге қатысу өтіліне байланысты зейнетақы және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту жалғасады.
"Биыл қабылданған зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер азаматтарға бұрынғы табысының кемінде 40% мөлшерінде зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өсім ең алдымен базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерден басталады. 2023 жылы зейнеткерлердің осы санаты үшін тек базалық зейнетақы мөлшері 21%-ке дейін көтерілді. Кезең-кезеңмен өсу 5 жыл ішінде, яғни 2023 жылдан 2027 жылға дейін жүргізіледі, бұл былтырғы инфляцияны және оның кейінгі жылдарға арналған болжамды дәлізін жабуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Айтуынша, дәл осындай жұмыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жүргізіледі. Биыл жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері жоғалтқан табыстың 45%-іне дейін жеткізіледі.
Бұдан бөлек, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында салымшыларға өз зейнетақы жинағының 50%-ін жеке басқаруға беру құқығы қарастырылады.