https://sputnik.kz/20230111/uqshu-armeniyada-askeri-oqu-zhattygular-otkizbeu-turaly-resmi-khabarlama-algan-zhoq-31034567.html
ҰҚШҰ Арменияда әскери оқу-жаттығулар өткізбеу туралы ресми хабарлама алған жоқ
ҰҚШҰ Арменияда әскери оқу-жаттығулар өткізбеу туралы ресми хабарлама алған жоқ
Sputnik Қазақстан
Әскери маневрлер биыл Арменияда өтуі керек еді 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T21:16+0500
2023-01-11T21:16+0500
2023-01-11T21:16+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28548787_0:75:1440:885_1920x0_80_0_0_2ec7df410c47ea458c08bd51f2145a8f.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығы әзірге Ереваннан Армениядағы "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуларын өткізбеу туралы ресми хабарлама алған жоқ, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.Аталған оқу-жаттығуларды биыл Армения жерінде өткізу қажеттігі бұған дейін Ереванда расталған болатын.Ведомстводағылар ҰҚШҰ хатшылығы мен бірлескен штабы Ұйымның жарғылық органдары бекіткен әскерді жауынгерлік даярлау жоспарларының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салып жатқанын мәлімдеді.Бұған дейін Армения билігі республика 2023 жылы осы елде ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуді орынсыз деп санайтынын мәлімдеген.ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2023 жылы ҰҚШҰ төрағалығы Беларуське өтті. Сондай-ақ биыл Беларусь аумағында ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығулары өтеді деп жоспарланғаны белгілі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28548787_80:0:1360:960_1920x0_80_0_0_0b551d6c6e0645b3e6bd66f133522483.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
ҰҚШҰ Арменияда әскери оқу-жаттығулар өткізбеу туралы ресми хабарлама алған жоқ
Әскери маневрлер биыл Арменияда өтуі керек еді
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығы әзірге Ереваннан Армениядағы "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуларын өткізбеу туралы ресми хабарлама алған жоқ, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
"Біз Армения Республикасындағы бүгінгі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қараймыз. Елдегі қазіргі ахуал биылғы жылы жоспарланған ҰҚШҰ бітімгершілік оқу-жаттығуларын толықтай өткізуге мүмкіндік бермейді", - деп жазылған ұйымның хабарламасында.
Аталған оқу-жаттығуларды биыл Армения жерінде өткізу қажеттігі бұған дейін Ереванда расталған болатын.
Ведомстводағылар ҰҚШҰ хатшылығы мен бірлескен штабы Ұйымның жарғылық органдары бекіткен әскерді жауынгерлік даярлау жоспарларының толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салып жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Армения билігі республика 2023 жылы осы елде ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуді орынсыз деп санайтынын мәлімдеген.
ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2023 жылы ҰҚШҰ төрағалығы Беларуське өтті. Сондай-ақ биыл Беларусь аумағында ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығулары өтеді деп жоспарланғаны белгілі.