Теміртаудағы жылу электр орталығына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді

© SputnikАрселор Миттал Теміртау
Арселор Миттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Теміртаудағы ЖЭО-2-ге жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, күлтұтқыш қондырғылардың жұмысында заң бұзушылықтарға жол берілгені және бу қазандықтарының өнімділігі төмендегені анықталды, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылыту маусымы басталғаннан бері "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-ге қатысты жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамау деректері тіркелген. Осыған байланысты Теміртау қаласының әкімдігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне жүгінді.
2022 жылдың 28 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін департамент электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
"Тексеру қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою, атап айтқанда, Теміртау қаласының тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін күлтұтқыш қондырғыларды жөндеу және бу қазандықтарының өнімділігін арттыру бойынша тиісті нұсқама берілді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгінде елімізде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы қатты тозған. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы жылу электр станцияларын қайта құру мен жаңғыртуға 180 миллиард теңгеден астам қаражат қажет екенін хабарлады.
Жаңалықтар
0