Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды

© скрин видеоТалдықорғанда қазандықта жарылыс болды
Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда сәрсенбі күні қазандықта жарылыс болды, қала тұрғыны ғимараттың қираған терезелерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Қала әкімдігі сағат 12:55-те Жетісу шағын ауданындағы №1 қазандықтың екі қабатты ғимаратында жылу қазандығы жарылғанын хабарлады.
Бұл терезе блоктарының қирауына әкеп соқтырды. Қазандық өртенген жоқ.
"Оқиға болған кезде бір қазандық жұмыс істеп тұрған. Қазір резервтік қазандық іске қосылып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ауа температурасы – минус 11 градус. ", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарылыстың себебі анықталды. Бір сағат ішінде 70 көппәтерлі тұрғын үй мен 112 жеке үйдегі және басқа да 97 нысандағы жұмыс температурасы қалпына келтіріледі, деп толықтырды әкімдік.
Жаңалықтар
0