https://sputnik.kz/20230111/sim-ukrainadagy-kiiz-uy-aktsiyasyna-qatysty-tusinikteme-berdi-31013735.html
Украинада киіз үй тігілді - сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді
Украинада киіз үй тігілді - сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Украинаның Буча қаласында тігілген киіз үйге Қазақстан елшілігінің қатысы жоқ. Жекеменшік қазақстандық компаниялардың бастамасы... 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T10:57+0500
2023-01-11T10:57+0500
2023-01-11T11:03+0500
сім
украина
акциялар
қазақстан
киіз үй
https://sputnik.kz/img/568/96/5689696_0:185:1200:860_1920x0_80_0_0_60aaf6e92183b79eeb3400fa0e96b7a7.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Украинаның Буча қаласында тігілген киіз үйге Қазақстан елшілігінің қатысы жоқ. Жекеменшік қазақстандық компаниялардың бастамасы. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет кулуарында Смадияров Бучадағы акцияны қазақстандық бизнесмендер ұйымдастырғанын айтты.Айтуынша, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі киіз үйден ешқандай проблема көріп тұрған жоқ. Бұл ретте ол Қазақстанда 300 мыңға жуық украин диаспорасы тұратынын, Украина аумағында да Қазақстанның диаспорасы бар екенін атап өтті. "Олар бір-бірімен араласады. Ұлтаралық отбасылар бар, бір-біріне көмектеседі. Әрине, қазір Украинада жағдай қиын, сондықтан бұл ақпарат қазір басқаша көрініп жатқан шығар. Бірақ біз бұдан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді Смадияров. Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Украинаның Буча қаласында "мызғымастық киіз үйі" тігілгеніне назар аударған еді. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен осы мәселеге қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады.
https://sputnik.kz/20221228/qazaqstan-buu-nyn-qyrymga-qatysty-qararyna-nege-qarsy-dauys-berdi--sim-zhauaby-30720862.html
украина
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/568/96/5689696_0:72:1200:972_1920x0_80_0_0_60f0458cde0f80edc5e5a0b61a869fed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сім, украина, акциялар, қазақстан, киіз үй
сім, украина, акциялар, қазақстан, киіз үй
Украинада киіз үй тігілді - сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді
10:57 11.01.2023 (жаңартылды: 11:03 11.01.2023) АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Украинаның Буча қаласында тігілген киіз үйге Қазақстан елшілігінің қатысы жоқ. Жекеменшік қазақстандық компаниялардың бастамасы. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында Смадияров Бучадағы акцияны қазақстандық бизнесмендер ұйымдастырғанын айтты.
"Киіз үй қойылды, бұдан қандай проблема туындады. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері апарып, өздері жинап, өздері көмектесіп жатыр. Киіз үй деген тез жиналатын, орнын ауыстыра салатын үй. Сондықтан біздің бизнесмендер украин халқына көмектесу үшін осындай бастама көтерген", - деп түсіндірді Смадияров.
Айтуынша, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі киіз үйден ешқандай проблема көріп тұрған жоқ.
Бұл ретте ол Қазақстанда 300 мыңға жуық украин диаспорасы тұратынын, Украина аумағында да Қазақстанның диаспорасы бар екенін атап өтті.
"Олар бір-бірімен араласады. Ұлтаралық отбасылар бар, бір-біріне көмектеседі. Әрине, қазір Украинада жағдай қиын, сондықтан бұл ақпарат қазір басқаша көрініп жатқан шығар. Бірақ біз бұдан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді Смадияров.
Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Украинаның Буча қаласында "мызғымастық киіз үйі" тігілгеніне назар аударған еді. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен осы мәселеге қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады.