Қазақстанда 2023 жылы құжат алу қанша тұрады

Жазылу
2023 жылы қазақстандықтар жеке куәлік, туу туралы және жүргізуші куәлігі үшін қанша теңге төлейтінін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыздар.
1 қаңтардан айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге дейін өсті. Сәйкесінше құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де көтерілді.
Атап айтсақ, қазақстандықтар енді паспорт алу үшін 27 600 теңге (8 АЕК), жеке куәлік – 690 теңге (0,2 АЕК), неке қию туралы куәлік – 3 450 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 725 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 313 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 6 900 теңге (2 АЕК) төлейді.
Ал туу туралы куәлікті тегін алады. Бірақ бұл құажтты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 725 теңге (0,5 АЕК) төлейді.
Жаңалықтар
0