https://sputnik.kz/20230111/qaragandy-kopqabatty-uyde-gaz-zharylgany-rastalmady-31006850.html
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: көпқабатты үйде газ жарылғаны расталмады - видео
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: көпқабатты үйде газ жарылғаны расталмады - видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке пәтерлердің бірінде газ жарылуы себеп болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл болжам... 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T07:21+0500
2023-01-11T07:21+0500
2023-01-11T07:31+0500
қарағанды
газ
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/31005794_0:236:576:560_1920x0_80_0_0_96ca15991544c65bf57dca5f53600b99.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке пәтерлердің бірінде газ жарылуы себеп болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл болжам расталмағанын хабарлады. Тұрғындарды жылумен қамтуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің үш ауысымы жұмылдырылған. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылған. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жүр.Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. 82 адам эвакуацияланды. Құтқару қақпақтарының көмегімен барлығы 48 адам аман қалды, оның ішінде 9 бала. Еске салсақ, кеше кешке Қарағандыда көпқабатты үйде жалпы аумағы 30 шаршы метр отқа оранды. Пәтерден 1979 жылы туған ер адам секіріп кеткен. Ол түрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.Өрт орнында барлау барысында үш адамның (болжам бойынша екі ер адам мен бір әйел) мәйіті табылды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/31005794_0:182:576:614_1920x0_80_0_0_9dd580dcf6170801ba3902216cd48130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, газ
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: көпқабатты үйде газ жарылғаны расталмады - видео
07:21 11.01.2023 (жаңартылды: 07:31 11.01.2023) АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке пәтерлердің бірінде газ жарылуы себеп болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл болжам расталмағанын хабарлады.
"Оқиға орнында газ құрылғылары табылған жоқ. Жылу жүйесі бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Тұрғындарды жылумен қамтуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің үш ауысымы жұмылдырылған. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылған. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жүр.
Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. 82 адам эвакуацияланды. Құтқару қақпақтарының көмегімен барлығы 48 адам аман қалды, оның ішінде 9 бала.
Еске салсақ, кеше кешке Қарағандыда көпқабатты үйде жалпы аумағы 30 шаршы метр отқа оранды. Пәтерден 1979 жылы туған ер адам секіріп кеткен. Ол түрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Өрт орнында барлау барысында үш адамның (болжам бойынша екі ер адам мен бір әйел) мәйіті табылды.