Экономика

Қанша қазақстандық кредитін төлей алмай жүр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, былтыр 11 ай ішінде банктердің жеке тұлғаларға кредиттері 29,4%-ке, 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайған.
"Соның ішінде тұтынушылық кредиттердің көлемі 24,1%-ке немесе 7,6 трлн теңгеге дейін өсті. Қарыз алушылардың жалпы саны 6 млн 868 мың адамды құрап отыр. 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі – 5,6% немесе 461 млрд теңге. Ал қарызын төлей алмай жүргендер саны жыл басынан бері 121 мың адамға ұлғайып, 536 мың адамды құрады", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.
Сондай-ақ, айтуынша, өткен жылдың 11 айында микрокредиттердің көлемі 42,7%-ке, 979 млрд теңгеге дейін өскен. Қарыз алушылардың жалпы саны – 1 млн 528 мың адам.
90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 8 пайыз немесе 76 млрд теңге болды. 257 мың қазақстандық микрокредитін төлей алмай жүр.
Бұған дейін қазақстандықтар 3 наурыздан бастап өздерін банкрот деп жариялай алатыны туралы хабарланды.
Бос қалта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Қоғам
Қазақстандықтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады
Жаңалықтар
0