https://sputnik.kz/20230111/kenesary-khannyn-suyegin-ulttyq-panteonda-zherleu-kerek-31020443.html
Кенесары ханның сүйегін ұлттық пантеонда жерлеу керек – депутат үкіметке сауал жолдады
Кенесары ханның сүйегін ұлттық пантеонда жерлеу керек – депутат үкіметке сауал жолдады
Sputnik Қазақстан
Биыл Кенесары ханның туғанына 220 жыл толатынын еске салды 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T13:58+0500
2023-01-11T13:58+0500
2023-01-11T13:58+0500
қазақ хандығы
ұлттық
депутат
үкімет отырысы
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_16f46bd5bf3748b992f1a2d872a3b0c0.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық музейде жатқанын айтты. "Қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұр. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бассүйек Кенесары ханның бассүйегі сәйкестік 90%-тен жоғары екені анықталды", - деді Смағұл мәжілістің жалпы отырысында. Осы орайда мәжілісмен биыл Кенесары ханның туғанына 220 жыл толатынын еске салды. Одан кейін премьер-министрден ханның бассүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруға көмектесуді сұрады. Смағұл ханның сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынып отыр. Бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1227:920_1920x0_80_0_0_6f405883cdd07ff1ae10c7b5d2a3e4d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ хандығы, ұлттық, депутат, үкімет отырысы
қазақ хандығы, ұлттық, депутат, үкімет отырысы
Кенесары ханның сүйегін ұлттық пантеонда жерлеу керек – депутат үкіметке сауал жолдады
Биыл Кенесары ханның туғанына 220 жыл толатынын еске салды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық музейде жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұр. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бассүйек Кенесары ханның бассүйегі сәйкестік 90%-тен жоғары екені анықталды", - деді Смағұл мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда мәжілісмен биыл Кенесары ханның туғанына 220 жыл толатынын еске салды.
Одан кейін премьер-министрден ханның бассүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруға көмектесуді сұрады.
"Құрметті Әлихан Асханұлы, Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толады. Мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын", - деді депутат.
Смағұл ханның сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынып отыр.
Бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етеді.