Қоғам

Еңбек министрлігі биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы 20%-ке өседі, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ке кезең-кезеңмен арттыру жұмысы жалғасады.
Нәтижесінде бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің айлығы өседі.
"Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, биыл 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ке көбейді.
Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары және жұмыспен қамту орталықтарының басшылық құрамы мен негізгі персоналдардың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және тағы басқа) еңбекақысы өсті.
Еске салсақ, 2021 жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ке, ал былтыр 25%-ке артқан болатын.
Жаңалықтар
0