https://sputnik.kz/20230111/bolashaq-stipendiyasyna-quzhat-qabyldau-bastaldy-31017795.html
"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды
"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
Болашақ стипендиясына құжат қабылдау басталды
2023-01-11T12:18+0500
2023-01-11T12:18+0500
2023-01-11T12:18+0500
білім
"болашақ" стипендиясы
құжат
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15435158_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_97730690434522a2f3db6535770827d6.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі. Құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады: Конкурстық іріктеу 2023 жылдың 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-дар тізімінде әлемнің 27 елінен 236 университеті бар. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді. "Инженерлік-техникалық мамандар" жеңілдік санаты бекітілді. Медициналық қызметкерлер де жеңілдік санатында. Квоталық санаттардың тегін тіл үйрену мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз күшімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын оқу орындары тізімінен таңдай алады. Жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Олар жеңілдігі бар кандидаттар қатарына жатпайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15435158_488:0:3219:2048_1920x0_80_0_0_eb040f9fbd71f263dcec0e488a7c62e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
болашақ болашак стипендия құжат документы
болашақ болашак стипендия құжат документы
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Құжаттар қабылдау төрт кезеңнен тұрады:
1.
27 қаңтарға дейін жалғасады;
2.
3 сәуір мен 28 сәуір аралығында;
3.
5 маусым мен 7 шілде аралығында;
4.
Төр17 шілде мен 15 қыркүйек аралығы.
Конкурстық іріктеу 2023 жылдың 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
Биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-дар тізімінде әлемнің 27 елінен 236 университеті бар. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.
"Инженерлік-техникалық мамандар" жеңілдік санаты бекітілді. Медициналық қызметкерлер де жеңілдік санатында. Квоталық санаттардың тегін тіл үйрену мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ олар құжат тапсырған кезде шетелдік жоғарғы оқу орындарына өз күшімен түсуге міндетті емес. Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын оқу орындары тізімінен таңдай алады.
Жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Олар жеңілдігі бар кандидаттар қатарына жатпайды.