Қоғам

Берешегі 90 күннен асқан адамдарға тұтынушылық несие мен микрокредит берілмейді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыз бен микрокредиттер беруге шектеу енгізіледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттік президент тапсырмасын орындау үшін кепілсіз тұтынушылық кредит беруді реттеу бойынша қосымша жүйелі шаралар әзірлеген.
"Күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттер беруге шектеулер енгізіледі. Бұл шара төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушыларға жаңа кредит беруді және борыш жүктемесінің өсуін шектейді", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.
Сондай-ақ борыш жүктемесін шектеу үшін банктердің жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәнін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіледі.
"Халықаралық тәжірибеге сәйкес жылдық тиімді мөлшерлеме пайыздық маржа, тәуекел үшін сыйақы, операциялық шығыстар және қорландыру құны сияқты нарықтық факторларға байланысты белгіленеді. Тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төрелігін жою үшін микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық микрокредиттері бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу қосымша қатаңдатылады", - деді агенттік төрағасы.

Коллекторлар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Әбілқасымованың айтуынша, коллекторлық қызметті реттеуді қатаңдату үшін нарық субъектілеріне әкімшілік айыппұл мөлшерін 2 есе (300 АЕК-тан 600 АЕК-ке дейін) арттыруды, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің дербес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.
"2022 жылғы қарашада үкіметке тиісті түзетулер енгізілді және олар бойынша белгіленген тәртіппен келісу рәсімдері жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Бұған қоса, борышкерлерді коллекторлардың заңсыз іс-әрекетінен қорғау үшін биыл банктер мен микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімдері жүргізілмеген кредиттерін сатуына қатысты заңнамалық шектеулерді енгізу мәселесі пысықталады.
Сондай-ақ, коллекторлар сатып алған кредиттер бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізуге міндеттелуі мүмкін. Агенттік осындай заңнамалық талап енгізуді жоспарлап отыр.
Бос қалта - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Қоғам
Қазақстандықтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады
Жаңалықтар
0