https://sputnik.kz/20230111/aleumettik-manyzy-bar-azyq-tuliktin-bagasyn-retteudi-toqtatu-qazhet--deputat-31027950.html
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеуді тоқтату қажет – депутат
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеуді тоқтату қажет – депутат
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеу шараларын тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды... 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T15:23+0500
2023-01-11T15:23+0500
2023-08-10T17:15+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_0:66:2048:1218_1920x0_80_0_0_86cb50a6fb4ec14e4a2c2de9233b0885.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеу шараларын тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.Айта кетері, отырысқа премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты. Осы жиында депутат Ерлан Барлыбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұруды тоқтату қажеттігін айтты.Осы орайда депутат әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұрудың орнына халықтың табысын арттыруға басымдық беруді ұсынды."Меніңше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру тәжірибесінен бас тарту керек. Ол жүйе әбден ескіріп қалған. Соның орнына атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну керек. Нарықтық экономикада отырғаннан кейін бәрі де солай болуы керек қой. Халықтың табысын арттыруға басымдық беру керек. Сонда азық-түлік инфляциясы елдің тапқан табысына қатты әсер етпейді", - деді Барлыбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_227:0:2048:1366_1920x0_80_0_0_76d5c7065af2278029d6d8bc77a4dec5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеуді тоқтату қажет – депутат
15:23 11.01.2023 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттеу шараларын тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Айта кетері, отырысқа премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты. Осы жиында депутат Ерлан Барлыбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұруды тоқтату қажеттігін айтты.
"Іс жүзінде бағаны қалай ұстайды? Мен өзім бизнесте жұмыс істедім. Бағаны ұстап тұру үшін әкімдіктер алдымен кәсіпкерлерді шақырып, бағаны көтермеу туралы меморандум жасайды. Ал кәсіпкерлер бағаны ұстап тұру үшін не істейді? Шикізаттың бағасын түсіреді. Ақырында шаруалар шығынға батады. Онсыз да ақшасы жоқ, табыс таба алмайды", - деді Барлыбаев.
Осы орайда депутат әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұрудың орнына халықтың табысын арттыруға басымдық беруді ұсынды.
"Меніңше, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру тәжірибесінен бас тарту керек. Ол жүйе әбден ескіріп қалған. Соның орнына атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну керек. Нарықтық экономикада отырғаннан кейін бәрі де солай болуы керек қой. Халықтың табысын арттыруға басымдық беру керек. Сонда азық-түлік инфляциясы елдің тапқан табысына қатты әсер етпейді", - деді Барлыбаев.