https://sputnik.kz/20230110/ushaqta-bomba-bar-dep-zhalgan-khabar-bergen-astanalyq-sottaldy-30993852.html
Ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген астаналық сотталды
Ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген астаналық сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданының № 2 сотында ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды... 10.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-10T21:50+0500
2023-01-10T21:50+0500
2023-01-10T21:50+0500
ұшақ
бомба
https://sputnik.kz/img/318/41/3184164_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_c0cb9b436d572a0b87c1dc9aeef68131.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданының № 2 сотында ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қылмыстық іс терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бабы бойынша қозғалған болатын. Оған сәйкес, бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.Сот материалдарына сәйкес, 8 қазанда Астана қаласының тұрғыны мас күйінде ұшаққа отырып, жолсерікке пакетте бомба бар екенін айтқан. Содан бірден дабыл қағылды. Әуежайға құқық қорғау органдары шақырылды. Бірақ ұшақта жарылғыш зат табылмады. Ал пакеттің иесі қылмыстық жазаға тартылды.Сотта ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушілердің барлық шығынын өтеп берді. Кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар. Осының бәрі жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Жазаны ауырлататын бір ғана жағдай анықталды. Ол – жеңіл түрде мас болуы.Қылмыстық кодекстің 273- бабында (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) жазаның төрт түрі қарастырылған. Соның біреуі тағайындалады. Олар:Сот айыпталушының барлық шығынды өтегенін ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шектеуге шешім шығарды. Осы уақыт ішінде пробациялық бақылау жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/41/3184164_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_7a2652e09d9b23ecab4e14a614cbd65d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, бомба
Ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген астаналық сотталды
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданының № 2 сотында ұшақта бомба бар деп жалған хабар берген ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қылмыстық іс терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бабы бойынша қозғалған болатын. Оған сәйкес, бес жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.
Сот материалдарына сәйкес, 8 қазанда Астана қаласының тұрғыны мас күйінде ұшаққа отырып, жолсерікке пакетте бомба бар екенін айтқан. Содан бірден дабыл қағылды. Әуежайға құқық қорғау органдары шақырылды. Бірақ ұшақта жарылғыш зат табылмады. Ал пакеттің иесі қылмыстық жазаға тартылды.
Сотта ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушілердің барлық шығынын өтеп берді. Кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар. Осының бәрі жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Жазаны ауырлататын бір ғана жағдай анықталды. Ол – жеңіл түрде мас болуы.
Қылмыстық кодекстің 273- бабында (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) жазаның төрт түрі қарастырылған. Соның біреуі тағайындалады. Олар:
5 000 айлық есептік көрсеткіш (17 250 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу;
сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту;
бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу;
бес жылға бас бостандығынан айыру.
Сот айыпталушының барлық шығынды өтегенін ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шектеуге шешім шығарды. Осы уақыт ішінде пробациялық бақылау жүргізіледі.