https://sputnik.kz/20230110/tuqym-sharuashylygyn-damytu-tenge-30985674.html
Тұқым шаруашылығын дамытуға 11,4 млрд теңге жұмсалады
Тұқым шаруашылығын дамытуға 11,4 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы биыл көктемгі дала жұмыстарына... 10.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-10T10:53+0500
2023-01-10T10:53+0500
2023-01-10T11:00+0500
ауыл шаруашылығы
теңге
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:534:1962:1638_1920x0_80_0_0_8a815606c9f46d3c0b6cf013d7fc845d.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы биыл көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Облыстық әкімдіктердің мәліметінше, биылғы болжамды егіс алқаптарының көлемі былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 миллион гектардан астам жерді құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде атап өткендей, мемлекеттік субсидиялар бірнеше бағыт бойынша шоғырланады. Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат тұқым себудің жоғары процентін үшінші репродукциядан төмен емес 97% деңгейінде сақтауға мүмкіндік беретін тұқым материалының селекцциясына бағытталады. Өңірлер тыңайтқыштарға бюджеттен 31,миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Субсидиялардың ауқымды көлеміне қарамастан, ведомстводағылар тыңайтқыштар бағасының өсуін ескергенде бұл шаруалардың сұранысын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз екенін айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігі қажеттіліктерге қарай әкімдіктер бюджет қаражатының көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруы қажет деп санайды. Сондай-ақ, көктемгі егіс науқанын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Жалпы алғанда бұл науқанға 141,7 мың трактор, 4,3 мың дана өнімділігі жоғары егіс кешені, 73,2 мың тұқым сепкіш және 221,2 мың дана топырақ өңдейтін құрал-сайман жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне егіс алқаптарының болжамды құрылымын әлеуметтік маңызы бар дақылдарды өндіруді ескере отырып түзетті. Олардың өсуіне ерекше бақылау жасау, сондай-ақ шаруаларды тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда сақтау ұсынылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:350:1962:1822_1920x0_80_0_0_e65814db0aea21fd27cd0d3d06131b5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, теңге
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы биыл көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Облыстық әкімдіктердің мәліметінше, биылғы болжамды егіс алқаптарының көлемі былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 миллион гектардан астам жерді құрайды.
"Астық және мал азығы дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала болжам бойынша кем дегенде 18 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Көкөніс пен бақша дақылдарының алқабы ұлғаяды деп болжанып отыр. Сондай-ақ, күріш егіс алқаптары 9,9 мың гектарға артады", - деп жазылған хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде атап өткендей, мемлекеттік субсидиялар бірнеше бағыт бойынша шоғырланады.
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден 11,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат тұқым себудің жоғары процентін үшінші репродукциядан төмен емес 97% деңгейінде сақтауға мүмкіндік беретін тұқым материалының селекцциясына бағытталады.
Өңірлер тыңайтқыштарға бюджеттен 31,миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Субсидиялардың ауқымды көлеміне қарамастан, ведомстводағылар тыңайтқыштар бағасының өсуін ескергенде бұл шаруалардың сұранысын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз екенін айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігі қажеттіліктерге қарай әкімдіктер бюджет қаражатының көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруы қажет деп санайды.
Сондай-ақ, көктемгі егіс науқанын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Жалпы алғанда бұл науқанға 141,7 мың трактор, 4,3 мың дана өнімділігі жоғары егіс кешені, 73,2 мың тұқым сепкіш және 221,2 мың дана топырақ өңдейтін құрал-сайман жұмылдырылады деп жоспарланып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне егіс алқаптарының болжамды құрылымын әлеуметтік маңызы бар дақылдарды өндіруді ескере отырып түзетті. Олардың өсуіне ерекше бақылау жасау, сондай-ақ шаруаларды тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда сақтау ұсынылды.