Тоқаев Конституциялық сот төрағасының орынбасарын тағайындады

© PhotoМемлекет басшысы Конституциялық сот судьяларымен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Конституциялық сот судьяларымен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik.Мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2003-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінде заң бөлімінің консультанты, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, Құқықтық сараптама бөлімі талдау жұмысы секторының меңгерушісі, төрағаның кеңесшісі қызметтерін атқарған.,
2011 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі Құқықтық сараптама бөлімінің бастығы болды.
2008-2017 жылдар аралығында Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының байланыс жөніндегі офицері болған.
2017 жылы Конституциялық кеңес аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы қызметіне кірісті.
Жаңалықтар
0