Теңгедегі депозиттер үшін өтемақыға өтініш беру мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш беру мерзімі 10 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі.
Сыйлықақы 2022 жылғы 23 ақпанға дейін ашылған депозиттерге ғана төленеді. Сондай-ақ 10% төлемді салымшыға банк есептейді. Ол 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлене бастайды.
Сыйлықақыны алу үшін депозит ашылған банк бөлімшесінде немесе ресми мобильді қосымшалар арқылы онлайн өтінім беруге болады.
Қордың деректері бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін банктер салымшылардан 303,9 миллиард теңгеге өтініш қабылдады. Бұл жалпы өтемақының 90,5% құрайды. Қаулы 2023 жылғы 20 қаңтарда күшіне енеді.
Жаңалықтар
0