https://sputnik.kz/20230110/qazaqstandyqtar-sheteldik-kolikke-saqtandyru-polisin-rasimdey-almaydy-31000670.html
Қазақстандықтар шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды
Қазақстандықтар шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан азаматтары шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдеп, жүре алмайды. Ондай көліктерді өзге елдің азаматтары ғана... 10.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-10T18:20+0500
2023-01-10T18:20+0500
2023-01-10T18:20+0500
автокөлік
сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0a/14678433_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d77fb7b04bb600b42cb2d946588ad716.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан азаматтары шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдеп, жүре алмайды. Ондай көліктерді өзге елдің азаматтары ғана сақтандыра алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.12 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру және жол қозғалысы заңдарына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Мәселен, сақтандыру бойынша тағы 5-2 тармақ қосылды. Оған сәйкес, Қазақстан аумағындағы халықаралық қозғалыста жүрмеген көліктерге сақтандыру полисін рәсімдеуге тыйым салынған."Жол қозғалысы туралы" заңда халықаралық қозғалыста жүретін көліктің нақты анықтамасы жазылған. Оның иесі шетел азаматы, яғни, Қазақстан азаматтығы мен тұруға ықтиярхаты жоқ адам болуы шарт.Халықаралық қозғалыста жүрген көлік Қазақстанда бір жыл жүре алады. Осы уақыт өткеннен кейін, кем дегенде 30 күнге елден шығарылуы қажет. Сосын қайта кіре алады.Дегенмен 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін рәсімделген сақтандыру полисімен жүруге болады. Одан кейін Қазақстан азаматтары шетелдік көлікті сақтандыра алмайды. Ондай көліктерді сақтандыру полисі негізінде сатуға да тайым салынады.Транзиттік нөмір алған көліктерді бұрынғыдай 10 күнге сақтандыруға рұқсат беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0a/14678433_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_112802bcd467943d1771f56eefe1c813.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, сақтандыру
Қазақстандықтар шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан азаматтары шетелдік көлікке сақтандыру полисін рәсімдеп, жүре алмайды. Ондай көліктерді өзге елдің азаматтары ғана сақтандыра алады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Kolesa.kz
порталына сілтеме жасап.
12 қаңтардан бастап міндетті сақтандыру және жол қозғалысы заңдарына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Мәселен, сақтандыру бойынша тағы 5-2 тармақ қосылды. Оған сәйкес, Қазақстан аумағындағы халықаралық қозғалыста жүрмеген көліктерге сақтандыру полисін рәсімдеуге тыйым салынған.
"Жол қозғалысы туралы" заңда халықаралық қозғалыста жүретін көліктің нақты анықтамасы жазылған. Оның иесі шетел азаматы, яғни, Қазақстан азаматтығы мен тұруға ықтиярхаты жоқ адам болуы шарт.
Халықаралық қозғалыста жүрген көлік Қазақстанда бір жыл жүре алады. Осы уақыт өткеннен кейін, кем дегенде 30 күнге елден шығарылуы қажет. Сосын қайта кіре алады.
Дегенмен 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін рәсімделген сақтандыру полисімен жүруге болады. Одан кейін Қазақстан азаматтары шетелдік көлікті сақтандыра алмайды. Ондай көліктерді сақтандыру полисі негізінде сатуға да тайым салынады.
Транзиттік нөмір алған көліктерді бұрынғыдай 10 күнге сақтандыруға рұқсат беріледі.