Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға 125 мың өтініш түсті

© Sputnik / Владислав ВодневҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Қаңтарда өтетін ҰБТ басталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түскен.
"Қаңтардағы ҰБТ-ға ЖОО-ға шартты түрде қабылданған, ЖОО-да оқитын шығармашылық мамандықтардан даярлықтың басқа бағытына ауысқысы келетін, ақылы педагогикалық бағытқа ауысқысы келетін ЖОО-да оқитын студенттер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде түскісі келетін мектеп түлектері қатысады", - деп нақтылады тестілеу орталығында.
"Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпарат технологиялары", "Ақпарат қауіпсіздігі" білім беру бағдарламаларының топтарына түсуге ниет білдірушілер ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша тапсырады.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаевтың айтуынша, талапкерлер үшін 11 білім беру орталығы тегін онлайн сабақтар өткізеді.
Деньги, кошелек, компьютер, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Қызылорда тұрғыны ҰБТ-дан жоғары балл аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды
Жаңалықтар
0