Оқиға

Алматыда тауда адасып кеткен әйел табылды

© PhotoАлматы маңында тауда адасып кеткен әйел табылды
Алматы маңында тауда адасып кеткен  әйел табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Алматының тауларында жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
7 қаңтарда тауға жалғыз саяхаттаған әйел із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Турист әйелді жеке құрамның 11 құтқарушысы тауып алды.
"Таудан төмен түсіп келе жатқанда қар көшкіні жүріп, мені өзенге қарай алып кетті. Омбы қардан шығып, сөмкемнен ұйықтайтын үрлемелі төсекті алып, оранып жаттым", - деді ол.
Құтқарушылар келгенше ол бір орында тапжылмай жатқан.
Жаңалықтар
0