Тоқтарбек Әбиев ұсталды – Антикор

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Журналист және блогер Тоқтарбек Әбиев Сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Тоқтарбек Әбиев өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен және оны бұқаралық ақпарат құралдарында кесірін тиізетін мәліметтерді жариялаймын деп бопсалаған.
2022 жылы 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастырып, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ЖШС-ын заңды тұлға ретінде тіркегені анықталды.
Ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін ақпарат пен материалдар беруді талап еткен.
"Абиев тек өзінің қара басына ақшалай сыйақы алу үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі берілді деп жаңылыстырған. Тоқтарбек Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес", - деп мәлімдеді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі.
Жаңалықтар
0