Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус аударылды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қарағанды қаласынан Новосібірге бара жатқан автобус Ресейдің Панкрушиха ауданында аударылып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алтай өңірінің прокуратурасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, автобус бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 04:00-те Панкрушиха ауылынан 10 шақырым шалғай жерде аударылған. Оқиға орнына бірден жол-патруль қызметі барды.
Алдын ала ақпарат бойынша 1958 жылы туған Yutong автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Салонда 52 жолаушы болған. Жол апатынан 18 жастағы қыз жеңіл жарақат алды.
Қазіргі кезде жол апаты бойынша тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Оқиға
Ұлытау облысында шағын автобус аударылды: бір адам қайтыс болды – видео
Жаңалықтар
0