https://sputnik.kz/20230109/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-zhinaqtaryn-emdelu-30961115.html
Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған қаржыны емделуге жиі пайдалана бастады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан алған қаржыны емделуге жиі пайдалана бастады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. БЖЗҚ емделу үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 192,4 миллиард теңге аударды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. 09.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-09T13:56+0500
2023-01-09T13:56+0500
2023-08-11T11:40+0500
қазақстандықтар
емделу
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. БЖЗҚ емделу үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 192,4 миллиард теңге аударды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. 2022 жылы емделуге төленетін төлемдердің орташа сомасы 700 мың теңгені (2021 жылы - 900 мың теңге) құрады. Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтарынан бастап биыл 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 1 345 400 өтініш қанағаттандырды. Қор қазақстандықтардың арнайы шоттарына шамамен 3,2 триллион теңге аударды. Өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,46%), Астана (14,09%), Маңғыстау облысы (10,32%) тұрғындарының үлесіне тиесілі. Алайда алған соманы межелі түрде жұмсамағандар: "460,4 миллиард теңге салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды. Өйткені біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушілер заңнамада белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Ондай сомалар уәкілетті операторлармен қайтарылды", - деді ведомство. Салымшылар көбінесе тұрғын үйді азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу үшін (барлық орындалған өтініштердің 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3%) және жеке тұрғын үй салу үшін (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда) өз жинақтарын пайдаланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар, емделу, зейнетақы
қазақстандықтар, емделу, зейнетақы
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. БЖЗҚ емделу үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 192,4 миллиард теңге аударды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
2022 жылы емделуге төленетін төлемдердің орташа сомасы 700 мың теңгені (2021 жылы - 900 мың теңге) құрады.
"Өтініштердің 96%-тен астамы қазақстандықтар өздерінің жинақтарын медициналық мақсатта стоматологиялық қызметтерге пайдаланды. Өтініштердің тек 2,8%-і офтальмологиялық қызметтерді алуға қатысты болды", - деп толықтырды қор.
Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтарынан бастап биыл 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 1 345 400 өтініш қанағаттандырды. Қор қазақстандықтардың арнайы шоттарына шамамен 3,2 триллион теңге аударды.
Өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,46%), Астана (14,09%), Маңғыстау облысы (10,32%) тұрғындарының үлесіне тиесілі.
Алайда алған соманы межелі түрде жұмсамағандар:
Маңғыстау облысының тұрғындары (16,48%)
елорда тұрғындары (14,05%).
"460,4 миллиард теңге салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды. Өйткені біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушілер заңнамада белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Ондай сомалар уәкілетті операторлармен қайтарылды", - деді ведомство.
Салымшылар көбінесе тұрғын үйді азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу үшін (барлық орындалған өтініштердің 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3%) және жеке тұрғын үй салу үшін (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда) өз жинақтарын пайдаланды.