Видео

Печенье "ұрлаған" жанат желідегі жұрттың көңілін көтерді – видео

Жазылу
Жанат – қызық жануар. Мұндай үй жануары ешқашан іш пыстырмайды!
Окли атты жанат кереуеттің артына тығылып, ол жерден шықпай қойған. Содан иесі оны қулықпен шығарып алуға мәжбүр болады. Ол бір уыс дәмді печеньені кереуеттің жанындағы үстелге қойған.
Тәттіқұмар көп күттірмеді. Кереуеттің артынан алдымен кішкентай табаны көрінеді, содан кейін тұмсығын шығарады: жанат печеньені тез алып, қайтадан тығылып қалады.
Бірақ оған тәтті аздық етеді де, бір минут уақыт өтпей екінші порцияға қол созады.
Кішкентай "ұрыны" иесі видеоға түсіріп алған. Күлкілі кадрды тамашалаңыз!
Жаңалықтар
0