Максим Споткай сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

© PhotoМаксим Споткай
Максим Споткай - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Максим Споткай сенат аппаратының басшысы болды, деп хабарлады парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін ол сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Максим Споткай 1991 жылы туған. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.
Еңбек жолын "Nur Otan" ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, "Джей Энд Эс" халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы болып бастаған.
"ZamandaS" Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, "Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, "Павлодар облысының кәсіпорталығы" КАБ төрағасының міндетін атқарушы болып еңбек етті.
"Павлодар кәсіпқызмет" ЖШС-нің директоры, Қазақстан президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, "Нұр-Медиа" ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары болды.
"Nur Otan" партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметін басқарды.
Қазақстан президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
Жаңалықтар
0