Ақмола облысында бірден 9 көлік соқтығысты – алты адам жауапқа тартылды

© Photo : КЧС МВД РКТасжол, қыс, архивтегі сурет
Тасжол, қыс, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында тасжолда бірнеше көлік соқтығысты. Ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда "Астана - Петропавл" автожолының 236-шақырымында 9 бірдей көлік соқтығысып қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны ВАЗ 2109 көлігімен Chevrolet Cobalt пен Volvo-ға соғылған.
Артынан оларға тағы 6 көлік - Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado соғылды.

"Екі жүргізуші мен 7 жолаушы Бурабайдағы емханаға жеткізілді. 6 жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.

Айта кетері, осы бапта 20 айлық есептiк көрсеткiш (69 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0