https://sputnik.kz/20230109/almaty-oblysynda-turgyndar-ereuilge-shyqty-30962277.html
"Газ ақысын төлемейміз": Алматы облысында ауыл тұрғындары ереуілге шықты
"Газ ақысын төлемейміз": Алматы облысында ауыл тұрғындары ереуілге шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 09.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-09T14:00+0500
2023-01-09T14:00+0500
2023-01-09T14:00+0500
өңірлер
газ
алматы облысы
тұрғындар
ереуіл
https://sputnik.kz/img/221/44/2214400_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1de71d3afc839c238fed6f3d069a6746.jpg
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 20 мыңға жуық тұрғыны бар Шамалған газ мәселесінің зардабын тартып келеді.Тұрғындардың айтуынша, ауылға газ тасымалдаушы "Сигма" компаниясы жылу тарифін қайта-қайта қымбаттатып отыр. Алматы облысы қыста газбен жылиды. Қарасай ауданында үш бірдей газ компаниясы бар. Соның бірі - "Сигма". Үш компанияның ішіндегі қымбаты осы "Сигма", өйткені газды Ресейден тасымалдайтын көрінеді. Ауданның өзге ауылдары газдың бір кубына 26-28 теңгеден төлесе, Шамалған ауылының тұрғындары газдың бір кубына 35 теңге төлейді. "Сигма компаниясы соңғы екі жылда он теңгеге қымбаттады. Газ қысымы өте төмен болды. Аязды күндері төрт күн жылусыз қалдық. Газды тоқтатып тастады. Компанияның қызмет сапасы төмен", - дейді тұрғындар. Алматыны аяз қысқан күндері Қарасай ауданында бірнеше ауыл жылусыз қалған болатын. Себеп газ құбырларында су қатып, істен шыққан. Әкімдіктің айтуынша, компания газ құбырларын тексермеген. Ереуілге келген аудан әкімі ауыл тұрғындарына компанияны тексеру туралы ұсыныс айтты. "Сигма" компаниясына біздің де шағымымыз көп. Бірақ бұлай шулап, еш нәрсені шешпейміз. Ол жекеменшік компания болғандықтан, "тарифті түсір" деп талап қоюға хақымыз жоқ. Негізі бұл тарифті компанияға антимонополия бекітіп берген. Енді біз бірнеше адамнан құрылған комиссия құрып, компанияның жұмысына тексеру жүргіземіз. Көтерген тарифіне орай сапалы қызмет көрсетіп отыр ма, жоқ па білуіміз керек. Тек содан кейін ғана тарифті арзандату туралы талап қоя аламыз", - дейді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов. Шамалғандықтар "Сигма" компаниясының нарықтан кетуін немесе тариф ақысын төмендетіп қайта есептеуді талап етті. Егер талап орындалмаса, газ ақысының бір тиынын да төлемейміз, дейді тұрғындар. Ал халықпен кездесуге келген "Сигма" басшылығы тұрғындар наразылығына мардымды жауап қатпады.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/221/44/2214400_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_88e5f2168eae1a26dcf742868b294ffa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, алматы облысы, тұрғындар, ереуіл
газ, алматы облысы, тұрғындар, ереуіл
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
20 мыңға жуық тұрғыны бар Шамалған газ мәселесінің зардабын тартып келеді.
Тұрғындардың айтуынша, ауылға газ тасымалдаушы "Сигма" компаниясы жылу тарифін қайта-қайта қымбаттатып отыр.
"Өткен айда газ есептегіш құрал 50-де тұрды. Сол күйі өзгерткен жоқпын. Бұл айда да есептеуіш құралды 50-ге қойдық. Бірақ осы айда он мың теңгеге төлемақы артық келді", - дейді Құралай Бердіоңғарова.
Алматы облысы қыста газбен жылиды. Қарасай ауданында үш бірдей газ компаниясы бар. Соның бірі - "Сигма". Үш компанияның ішіндегі қымбаты осы "Сигма", өйткені газды Ресейден тасымалдайтын көрінеді. Ауданның өзге ауылдары газдың бір кубына 26-28 теңгеден төлесе, Шамалған ауылының тұрғындары газдың бір кубына 35 теңге төлейді.
"Сигма компаниясы соңғы екі жылда он теңгеге қымбаттады. Газ қысымы өте төмен болды. Аязды күндері төрт күн жылусыз қалдық. Газды тоқтатып тастады. Компанияның қызмет сапасы төмен", - дейді тұрғындар.
Алматыны аяз қысқан күндері Қарасай ауданында бірнеше ауыл жылусыз қалған болатын. Себеп газ құбырларында су қатып, істен шыққан.
Әкімдіктің айтуынша, компания газ құбырларын тексермеген. Ереуілге келген аудан әкімі ауыл тұрғындарына компанияны тексеру туралы ұсыныс айтты.
"Сигма" компаниясына біздің де шағымымыз көп. Бірақ бұлай шулап, еш нәрсені шешпейміз. Ол жекеменшік компания болғандықтан, "тарифті түсір" деп талап қоюға хақымыз жоқ. Негізі бұл тарифті компанияға антимонополия бекітіп берген. Енді біз бірнеше адамнан құрылған комиссия құрып, компанияның жұмысына тексеру жүргіземіз. Көтерген тарифіне орай сапалы қызмет көрсетіп отыр ма, жоқ па білуіміз керек. Тек содан кейін ғана тарифті арзандату туралы талап қоя аламыз", - дейді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.
Шамалғандықтар "Сигма" компаниясының нарықтан кетуін немесе тариф ақысын төмендетіп қайта есептеуді талап етті. Егер талап орындалмаса, газ ақысының бір тиынын да төлемейміз, дейді тұрғындар.
Ал халықпен кездесуге келген "Сигма" басшылығы тұрғындар наразылығына мардымды жауап қатпады.