Талдықорғанда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды

© Photo : Погранслужба КНБ Республики КазахстанСайгачьи рога
Сайгачьи рога - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қаңтарда күдікті полицейлердің, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Ақсу ауданының 32 жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатпақ болған.
Тінту кезінде 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленді.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес жүргізіледі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу). Ұсталған адам қамауға алынды.
Жаңалықтар
0