Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік депутат: арнайы әскери операция батысқа ығысуы ықтимал

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуПредседатель Государственного Совета Республики Крым Владимир Константинов
Председатель Государственного Совета Республики Крым Владимир Константинов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қырым парламентінің басшысы Владимир Константинов арнайы әскери операция шекарасы батысқа қарай ығысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ұжымбық Батыспен қақтығыс артуына қарай арнайы әскери операция аумағы біз бастапқыда белгілеген межеден әлдеқайда өзгеріп, батысқа қарай ығысуы мүмкін", - деді Константинов.
Парламент басшысының айтуынша, мұны мәжбүрліктен туындап отырған әрекет ретінде қарастыру керек.
"Киевтің қасиетті жерлерін қиратуға жол бермеу, Украинадағы орыстарға қатысты геноцид жүргізуге тосқауыл қою үшін Украина аумағынан ешқандай қауіп төнбейтініне көз жеткізу керекпіз. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Ресей шекарасын, яғни, арнайы әскери операция аумағын қажетінше батысқа қарай ығыстыруға тура келеді", - деді ол.
Еске салсақ, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операцияны бастады. Бүгінде тараптар бейбіт келісімге келе алмай, әскери іс-қимылдар әлі де жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0