Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

© Photo : Пресс-служба Агентства по противодействию коррупцииАлматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Алматыда Антикордың жалған қызметкері 1987 жылы туған Ұлан Рай ұсталды.
Ол жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылмақ болған. Өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерімін деп таныстырып келген.
Антикордың жалған қызметкерін 6 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы арнайы батальонының қызметкерлері бірлесіп ұстаған.
Құжаттарды тексеру барысында құқықбұзушы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызмет куәлігін көрсеткен.
© Photo : Пресс-служба Агентства по противодействию коррупцииЖалған қызмет куәлігі
Лже-сотрудник Антикора задержан в Алматы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2023
Жалған қызмет куәлігі
Қазіргі уақытта Ұлан Рай уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтар
0