2,5% және 5 млн теңгеге дейін: жастарға жеңілдетілген микрокредит беріледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдетілген микрокредит беру қағидасын бекітті, деп хабарлайды ведомство.
Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асады.
Кредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-ден 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде беріледі.
Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасап жатыр. Сондай-ақ кредит алғысы келетіндердің бизнес-жобаларын қарайтын өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Жаңалықтар
0