Үкімет жанар-жағармай нарығын бақылауды күшейтеді

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов отынның Қазақстаннан тыс жерлерге көп мөлшерде "шығарылуын" азайту үшін ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарын сатуға мониторинг пен бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты жанар-жағармай материалдарын өткізуді есепке алу үшін станциялар арнайы цифрлық жүйемен толық қамтылуға тиіс.
2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңесте энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев премьер-министрге әртүрлі отын түрлерінің қорлары, өндіріс жоспарлары мен жанар-жағармай материалдарының нарықтағы ахуалы туралы баяндады.
Кеңеске қатысушылар ішкі нарықты дизель және жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету туралы айтты. Баға белгілеу, импорт, Шымкент МӨЗ-інің қуатын ұлғайту және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
Жаңалықтар
0