Тоқаев православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел встречу со студентами и молодыми учеными технических вузов
Касым-Жомарт Токаев провел встречу со студентами и молодыми учеными технических вузов - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
"Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады.Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен", - деді мемлекет басшысы.
Ол біздің қоғамда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққанын атап өтті. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді.
"Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!", - делінген президенттің құттықтауында.
Жаңалықтар
0