Таиланд елге кіретіндер үшін вакцинация талабын қайта енгізбек

CC0 / / Таиланд
Таиланд - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Тайландқа баратын 18 жастан асқан жолаушылардан коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 2 дозасын алғаны туралы паспорт талап етіледі, деп хабарлады "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі.
Талап 9 қаңтардан бастап енгізіледі.
"Вакцинаның екінші компоненті елге кірерден кемінде 14 күн бұрын алынуы керек. Сонымен қатар жолаушылардың 5%-ы келген бойда ПТР тестін тапсырады", - делінген хабарламада.
Вакцина алмаған жолаушылардың қолында дәрігер берген негіздеме хат немесе соңғы 180 күннің ішінде алынған коронавирустан айыққанын растайтын анықтама болуы керек.
"Коронавирус жұқтырған жағдайда елге оралуына рұқсат бермейтін елдерден келетін жолаушыларда Таиландта болған кезеңге және қосымша 7 күнге коронавирусты емдеу шығынын жабатын медициналық сақтандыру болуы керек", - деп түсіндірді авиакомпанияның баспасөз қызметі.
Жұмыс бойынша сапар шеккендер, оның ішінде экипаж мүшелері де осы талапты қанағаттандыру үшін қабылдаушы тарапқа хат ұсына алады. Бұл талаптар транзитпен жүретін жолаушыларға қолданылмайды – олар соңғы елдің талаптарын сақтауы керек.
Таиланд азаматтары вакцинация туралы сертификатты көрсетпеуге құқылы. ДДҰ мен Таиландтың қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналардың тізімін авиакомпанияның веб-сайтынан табуға болады.
Жаңалықтар
0