https://sputnik.kz/20230107/ministrlik-mcdonalds-tyn-qazaqstan-narygynan-ketuine-qatysty-tusinikteme-berdi-30928896.html
Министрлік McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кетуіне қатысты түсініктеме берді
Министрлік McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кетуіне қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
McDonald's Қазақстаннан шикізаттың тапшылығына бола кеткен жоқ, дейді министрлік 07.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-07T13:52+0500
2023-01-07T13:52+0500
2023-01-07T13:52+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30895144_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_ec6ffbd4cdd00bb9c1f234924549be6b.jpg
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. McDonald's өкілдері қазақстандық өнімге көшуге дайын болған. Алайда отандық өндірушілердің компанияның жоғары стандарттарын енгізуі белгілі бір уақытты алды, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрлігі. Қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald's талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастаған және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Алайда McDonald's-тың жабылуына байланысты жоспарланған аудит жүргізілген жоқ.Бұл компанияға шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізу үшін сертификаттаудан өту керек. Бұл жұмыс мал азығынан бастап қаптамаға дейін қатаң талапты қажет етеді. Министрліктің атап өтуінше, осы ретте компанияның отандық өнім жеткізушіні таңдайтынына кепіл жоқ."Ал Қазақстан еттің барлық түрі бойынша ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы 1,06 млн тонна ет өндірілді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3,6 млрд доллар болатын 38 жоба іске асырылып, кейбірі пысықталып жатыр", - деп хабарлады министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30895144_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_0c440d0af0a854f9a8813718e607dc60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Министрлік McDonald's-тың Қазақстан нарығынан кетуіне қатысты түсініктеме берді
McDonald's Қазақстаннан шикізаттың тапшылығына бола кеткен жоқ, дейді министрлік
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. McDonald's өкілдері қазақстандық өнімге көшуге дайын болған. Алайда отандық өндірушілердің компанияның жоғары стандарттарын енгізуі белгілі бір уақытты алды, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрлігі.
"McDonald's өкілдерінің өтініші бойынша, жергілікті шикізатқа көшкенге дейін ауыл шаруашылығы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ел аумағындағы мейрамханалар желісінің жабылуына жол бермеу үшін үшінші елдерден өнім жеткізу рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге жәрдемдесуге дайын болды, қазір де дайын", - делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстандық ет және сүт өнімдерін өндірушілер өндірісті McDonald's талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмысты бастаған және 2023 жылдың басында кәсіпорындардың аудиті бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Алайда McDonald's-тың жабылуына байланысты жоспарланған аудит жүргізілген жоқ.
Бұл компанияға шикізат немесе жартылай фабрикаттар жеткізу үшін сертификаттаудан өту керек. Бұл жұмыс мал азығынан бастап қаптамаға дейін қатаң талапты қажет етеді.
Министрліктің атап өтуінше, осы ретте компанияның отандық өнім жеткізушіні таңдайтынына кепіл жоқ.
"Ал Қазақстан еттің барлық түрі бойынша ішкі нарықты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы 1,06 млн тонна ет өндірілді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3,6 млрд доллар болатын 38 жоба іске асырылып, кейбірі пысықталып жатыр", - деп хабарлады министрлік.