https://sputnik.kz/20230107/elordada-tegin-zhol-zhuruge-quqygy-bar-adamdardyn-tizimi-keneytildi-30932846.html
Елордада тегін жол жүруге құқығы бар адамдардың тізімі кеңейтілді
Елордада тегін жол жүруге құқығы бар адамдардың тізімі кеңейтілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың қаңтарынан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылған азаматтардың тізімі кеңейтілді, деп... 07.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-07T19:49+0500
2023-01-07T19:49+0500
2023-01-07T19:49+0500
көлік картасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19068691_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_ae872b08427292f1ae8eb9f85480df3c.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың қаңтарынан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылған азаматтардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.Жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек ала алатын азаматтар санаттарының саны артты.Енді бұл жеңілдікті "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады.Сондай-ақ қалалық маршруттарда тегін жүре алады:Жеңілдікті көлік картасын Орталық кассада (Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады.Әкімдік жеңілдікті картаны сатып алмас бұрын IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылыхабарласып, ақпарттынақтылауды сұрады.Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғыны қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19068691_387:0:2635:1686_1920x0_80_0_0_39d18d155284d4901ddb7878b2c7c01d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік картасы
Елордада тегін жол жүруге құқығы бар адамдардың тізімі кеңейтілді
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың қаңтарынан бастап елордада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылған азаматтардың тізімі кеңейтілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің
ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек ала алатын азаматтар санаттарының саны артты.
Енді бұл жеңілдікті "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады.
Сондай-ақ қалалық маршруттарда тегін жүре алады:
1.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
2.
жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
5.
мүгедектігі бар адамдар;
6.
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері);
7.
"Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы "Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Жеңілдікті көлік картасын Орталық кассада (Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша) ресімдеуге немесе cts.gov.kz сайтында онлайн өтінім беруге болады.
Әкімдік жеңілдікті картаны сатып алмас бұрын IKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылыхабарласып, ақпарттынақтылауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғыны қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден босатылды.