https://sputnik.kz/20230107/ekibastuz-zhylu-elektr-ortalygynda-tunde-ush-qazandyq-isten-shyqqan-30926657.html
Екібастұз жылу электр орталығында түнде үш қазандық істен шықты
Екібастұз жылу электр орталығында түнде үш қазандық істен шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қаңтар-Sputnik. 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да тағы да ірі апат болды. Орталықта үш қазандық істен шыққан. 07.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-07T11:34+0500
2023-01-07T11:34+0500
2023-01-07T11:38+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29843640_0:55:1080:663_1920x0_80_0_0_2c7c135f33a61cb9e2db7a1707504517.jpg
АЛМАТЫ, 7 қаңтар-Sputnik. 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да тағы да ірі апат болды. Орталықта үш қазандық істен шыққан. Тұрғын үйлер қайтадан суып кеткен, қазір температураны біртіндеп көтеріп жатыр."Қалаға берілетін температура 47 градусқа дейін төмендеді, қазіргі уақытта температура көтеріліп келеді", - деп қосты Лесин.Оның айтуынша, екібастұздықтарға жылу энергиясы үшін төленетін ақыны қайта есептеуге уәде берілген.Еске сала кетсек, 27 қарашаға қараған түні жылу желілеріндегі апатқа байланысты Екібастұздың көп қабатты және жеке тұрғын үйлерінің бір бөлігі жылу мен ыстық сусыз қалған болатын. Қалада техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай режимі 8 желтоқсанда Екібастұз әкімінің шешімімен апаттан 12 күн өткен соң алынды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29843640_62:0:1019:718_1920x0_80_0_0_1d02e351cb1774bf2b210aea2f0aa53c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұз жылу электр орталығында түнде үш қазандық істен шықты
11:34 07.01.2023 (жаңартылды: 11:38 07.01.2023) АЛМАТЫ, 7 қаңтар-Sputnik. 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да тағы да ірі апат болды. Орталықта үш қазандық істен шыққан.
"Түнде оқыс оқиға болды. Жөндеу жүргізіліп, істен шыққан екі қазандық таңертең іске қосылды, қазіргі уақытта жалпы бес қазандық жұмыс істеп тұр", - деді "Павлодарэнерго " АҚ директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.
Тұрғын үйлер қайтадан суып кеткен, қазір температураны біртіндеп көтеріп жатыр.
"Қалаға берілетін температура 47 градусқа дейін төмендеді, қазіргі уақытта температура көтеріліп келеді", - деп қосты Лесин.
Оның айтуынша, екібастұздықтарға жылу энергиясы үшін төленетін ақыны қайта есептеуге уәде берілген.
Еске сала кетсек, 27 қарашаға қараған түні жылу желілеріндегі апатқа байланысты Екібастұздың көп қабатты және жеке тұрғын үйлерінің бір бөлігі жылу мен ыстық сусыз қалған болатын. Қалада техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай режимі 8 желтоқсанда Екібастұз әкімінің шешімімен апаттан 12 күн өткен соң алынды.