https://sputnik.kz/20230107/2023-zhyly-qanday-zhana-khalyqaralyq-reyster-ashylady-30929890.html
2023 жылы қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады
2023 жылы қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстан пандемиядан кейін ішкі тасымалдау көлемін арттырып, аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге рейстерді... 07.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-07T18:27+0500
2023-01-07T18:27+0500
2023-01-07T18:27+0500
рейстер
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстан пандемиядан кейін ішкі тасымалдау көлемін арттырып, аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге рейстерді қайта іске қосты, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Ведомство 2023 жылға арналған жоспарды жариялады.Ведомство Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстанбұлға рейстерді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Азаматтар Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге жиі ұша алады."Пәкістанға рейстер ашу жоспарланып жатыр: Алматыдан Карачи мен Лахорға ұшақ қатынайды. Үндістанға Алматы - Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Алматы – Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилисиге және Подгорицаға ұшатын рейстер саны артады", - деп түсіндірді ИИДМ.Сондай-ақ Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент-Кутаиси бағыттары бойынша рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр.Малайзиялық "Air Asia x" лоукостері 2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Куала-Лумпурдан Алматыға ұшуды жоспарлаған. "Thai Air Asia" әуекомпаниясы - Бангкоктан Алматыға дейін әуе жолын қамтамасыз етеді."Air Asia Aviation Group" Алматы мен Астанаға рейстерді орындау кезінде Мәскеу, Стамбул, Париж, Лондон және Франкфурт қалаларына қатынау мәселесін қарастырып жатыр.Ал "Qeshm Air" әуекомпаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рейстер
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстан пандемиядан кейін ішкі тасымалдау көлемін арттырып, аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге рейстерді қайта іске қосты, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство 2023 жылға арналған жоспарды жариялады.
"2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Ведомство Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстанбұлға рейстерді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Азаматтар Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге жиі ұша алады.
"Пәкістанға рейстер ашу жоспарланып жатыр: Алматыдан Карачи мен Лахорға ұшақ қатынайды. Үндістанға Алматы - Дели бағыты бойынша, Қытайға Алматы – Чэнду бағыты бойынша, Алматы – Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилисиге және Подгорицаға ұшатын рейстер саны артады", - деп түсіндірді ИИДМ.
Сондай-ақ Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент-Кутаиси бағыттары бойынша рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр.
Малайзиялық "Air Asia x" лоукостері 2023 жылдың көктемгі-жазғы навигациясынан бастап Куала-Лумпурдан Алматыға ұшуды жоспарлаған. "Thai Air Asia" әуекомпаниясы - Бангкоктан Алматыға дейін әуе жолын қамтамасыз етеді.
"Air Asia Aviation Group" Алматы мен Астанаға рейстерді орындау кезінде Мәскеу, Стамбул, Париж, Лондон және Франкфурт қалаларына қатынау мәселесін қарастырып жатыр.
Ал "Qeshm Air" әуекомпаниясы Алматы – Токио бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр.